Age of Empires IV: Anniversary Edition
Age of Empires IV: Anniversary Edition
Age of Empires IV мерейтойлық басылымында әлемді жаула! 4K графикасымен империяңды құр, тарихи жорықтарда жеңіске жет. Достарыңмен бірге ойнап, тарихты жаңарт!
About the Game
Миллиондаған жүректі жаулап, ғаламға танымал болған стратегиялық ойындардың шоқтығы биігі – Age of Empires IV мерейтойлық басылымы қайта оралды! Енді сіз әлемді дүр сілкіндірген ең ауқымды шайқастардың гуілеткен ортасындасыз. Керемет 4K графикасымен империяңыздың шекарасын кеңейтіп, айбынды күшке ие болыңыз. Нағыз уақыт режиміндегі стратегиялық ойындар әлемінің жаңа белестерін бірге бағындырайық!
Age of Empires IV ойынында жаужүрек әскерлерді қолбасшылық етіп, тарихи жаулап алу жорықтарында өзіңіздің стратегиялық дарыныңызды паш ете аласыз. Ойын барысында ел қорғаны болуды үйренесіз. Француз рыцарьларының оқ өтпес дулығасын бұзып, шабуылын тойтарыңыз. Неміс жауынгерлерінің айла-амалдарын зерттеп, оларды өз пайдаңызға асырыңыз. Әскерді жауынгерлік өнерге сай жаңартып, жеңіске жетудің сырларын ашыңыз.
Осы бір шарапаты мол шығарылымда сізді сан алуан ерекшеліктер күтеді. Батыс Африканың берекелі саудагерлері – Малилерді басқарып, алтын өндіру мен инвестициялауға жол ашыңыз, сөйтіп экономикалық қуатыңызды арттырыңыз. Немесе тарихы тереңде жатқан Османлы империясының әскерін бастаңыз да, әлемге өз үстемдігіңізді жариялаңыз! Әр өркениеттің өз сыры мен мол байлығы бар. Сегіз жаңа картаның әрбірінде шайқастарға қатысып, стратегиялық шешімдер қабылдай біліңіз. Ұлыбританиядан Қытайға дейінгі сан алуан өркениеттің тарихын зерттеңіз. Қалалар тұрғызып, қолда бар қазынаны үнемді ұқсатыңыз, әскеріңізді құрлықта да, теңізде де майданға бастаңыз. Сізді Қараңғы ғасырдан Қайта өрлеу дәуіріне дейінгі тарихтың қойнауын ақтарып, төрт бірдей науқан мен отыз бес миссиядан өту күтеді!
Достарыңызбен тізе қосып, бірге ойнап, жеңіс тұғырынан көрініңіз. Өз жолыңызды айқындап, бірлесе отырып жаңа тарих жазайық!