Age of Mythology: Retold

Құдіретті тәңірлер мен мифтік тіршілік иелерінің әлеміне саяхат! Age of Mythology: Retold ойынында империяңызды құрып, стратегиялық шеберлігіңізді шыңдаңыз. Қазақ тіліндегі керемет ойын!

Ойнау

Ойын туралы

Ежелгі аңыздардың құпиялы әлеміне саяхатқа шыққыңыз келе ме? Age of Mythology: Retold сізді құдіретті тәңірлер мен айбатты диюлар мекен еткен аңыз-ертегілерге толы замaнның қойнауына шақырады. Бұл – Age of Empires сериясын әлемге паш еткен талантты жандардың жаңа туындысы!

Достарыңызбен бірігіп ойнап, империяңыздың керегесін кеңейтіңіз. Мифтік тіршілік иелерін қол астыңызға қаратып, жауынгерлік өнеріңізді шыңдай түсіңіз. Тәңірлердің құдіретімен жауыздарыңызды жермен-жексен етіңіз! Ұлы грек, скандинав, мысыр немесе тіпті атлант тәңірлерінің бірін таңдап, аспанды күркіретіп, жерді сілкіндіріп, айбарлы Нидхёгті де шақыра аласыз. Қаласаңыз, халқыңызға ырыс пен береке сыйлап, апаттан арашалайтын күшке айналыңыз. Бұл ойын мифология мен стратегияны қатар ұштастырған, таңдауға тұрарлық туынды!

Сізді ғажайып мифтік әлем қарсы алады: Трояның мызғымас қамалын қоршап, Мидгардтың қаһарлы даласында алыптармен арпалысып, Мысыр құмдарының астындағы Озиристің құпиясын ашыңыз. Ертегілер әлемінің ержүрек батыры болып, тәңірлікке қадам басыңыз!

Егер сізді қазақ тіліндегі стратегиялық ойындар қызықтыратын болса, Age of Mythology: Retold сіз үшін нағыз олжа! Бұл ойын сіздің сүйікті әлеміңізге айналарына кәміл сенемін.

Қайдан сатып алу

Баспагер Xbox Game Studios