ANNO: Mutationem
ANNO: Mutationem
Неон жарығындағы ANNO: Mutationem ойынында Эннмен бірге киберпанк әлеміне ен! Жауынгерлік өнерді меңгерген батыр қыз алып мегаполисте миссиясын орындайды. Қаруын сайлап, жауға қарсы тұр!
Ойын туралы
Неон жарығы құшағындағы, 2D мен 3D графикасының ғажайып үйлесімімен көз тартатын киберпанк әлеміне саяхатқа шық! Lightning Games ұсынған ANNO: Mutationem ойынында сені ғаламат оқиғалар мен тылсымға толы сапар күтеді. Басты кейіпкер – Энн, жауынгерлік өнерді жетік меңгерген, қайсар да батыр қыз. Енді, алып мегаполисте ол өз миссиясын жүзеге асырмақ.
ANNO: Mutationem ойынын таңдаған саған не бұйырады? Сен түрлі тағдырлармен тоғысып, ғажайып тапсырмаларды орындайсың. Мысалы, киборг коргимен тіл табысып, нәпақа табу үшін бармендік құрып, қатыгез қылмыскерлердің ізіне түсесің. Тіпті, жұлдызы жанып тұрған V-стримердің шынайы болмысын да ашуға болады! Неон сәулесіне малынған Ноктис қаласы, мұхиттағы сауда кемесі мен зәулім жерасты құрылыстары сені қиял әлеміне жетелейді. Қане, самға!
Энн жауды аяу дегенді білмейді! Ол семсерін көкке сермеп, дұшпанын найзағайдай жайратып, гранатаны жаудыратып жібереді. Қолында алып қылыш та, екі жүзді пышақ та, тапанша мен зымыран да бар. Жанын салып әр қаруын қолданып, жауларын жермен-жексен етеді. Осы Мутациялық жылнамада басты рөлді сомдайтын Энн Флорес және де оның жанашыр серігі Аяне бірге бауырларының қайда кеткенін іздейді. Бірақ, олардың алдында қандай шындық жатқанын ешкім де білмес… Ендеше, қаруыңды сайла, қабілетіңді шыңда. Эннді кез келген жауға қаймықпай қарсы тұруға дайында. ANNO: Mutationem – сені күткен ғажайып әлем!
Қайдан сатып алу
| Баспагер | Lightning Games |