Apex Legends
Apex Legends
Apex Legends – тегін, командалық атыс ойыны! Аңыздардың бірін таңдап, қабілеттерін біріктіріп, мықты команда құрыңыз. Әр маусым сайын жаңалықтармен қызығушылықты арттырады.
Ойын туралы
Respawn Entertainment ұсынған, марапаттарға ие болған тегін Battle Royale командалық атыс ойыны – Apex Legends-ке қош келдіңіз! Өз шеберлігіңізді шыңдайтын, күші басым аңыздардың тізімі толықтырылып отырады, әрқайсысының өзіндік қабілеттері бар. Жауынгерлік өнердің келесі сатысында стратегиялық командалық ойын мен тың геймплейді бастан кешіріңіз.
Аты аңызға айналған кейіпкерлердің арасынан өзіңізге ұнайтынын таңдап, оның қабілеттерін басқа ойыншылармен біріктіріп, мықты команда құрыңыз. Әр жаңа маусым сайын Legends әлемі қызықты жаңалықтармен толығып, ойынға деген қызығушылықты арттырады. Қару-жарақтың сан алуан түрі шайқаста өз стиліңізді табуға септігін тигізеді.
Қабілеттеріңізді ақылмен ұштастыра отырып, ұрыс барысында жылдам шешімдер қабылдап, командаңыздың күшін жаңа жағдайларға икемдеңіз. Respawn Beacons, Smart Comms, Intelligent Inventory және Jumpmaster deployment сынды Battle Royale жанрын жаңа деңгейге көтеретін мүмкіндіктерді пайдаланыңыз. Apex Legends-тің қыр-сырын үйренуге көмектесетін кеңестер мен нұсқаулықтар әрқашан дайын.
Маңызды қарулармен, түрлі керек-жарақтармен және шайқаста қорған болатын сауыттармен жабдықталыңыз. Ұрыстан соң кейіпкеріңіз бен қаруыңызды өз талғамыңызға сай етіп, сыртқы келбетін өзгертіңіз, ойын барысында өзіңізді көрсетудің жаңа жолдарын табыңыз. Бағыңызды сынап, Apex Legends турнирлерінде топты жарып, жеңімпаз атаныңыз!