ARK: Survival Ascended

ARK Ascended әлеміне қош келдіңіз! Жаңа аралда аман қалу үшін күресің. Динозаврларды қолға үйретіп, керекті құрал-жабдық жасап, азық тізбегінің биігіне жет!

Ойнау

Ойын туралы

ARK Ascended әлеміне қош келдіңіз! Көздің жауын алатын күн шуағы мен сан алуан түстер сізді тылсым, жаңа аралда қарсы алады. Мұнда көк теңіз жағасында аяғыңызды суға малып, джунгли қойнауынан естілген үрейлі айқай жаныңызға серпін береді. Бұл сізді шытырман оқиғаға жетелейтін, қорқыныштан гөрі құштарлық басым сезім.

Ойын барысында өз тайпаңызды құрып, жүздеген бірегей динозаврлар мен жабайы жаратылыстарды қолға үйретіп, көбейтіп, әлемді түгел зерттейсіз. Сонымен қатар керекті құрал-жабдық жасап, ғимараттар тұрғызып, азық тізбегінің ең биігіне жету үшін күресесіз. Міне, нағыз survival ойынының шыжығы! Ашық әлемді аңсағандар үшін бұдан артық таңдау жоқ десе де болады. Достарыңызбен бірге онлайн тайпа құрып, көп ойыншы режимінде ойнаңыз. ARK әлемінде аман қалудың жолын бірлесе іздестіріңіз!

ARK: Survival Ascended ойынының ерекшеліктері:

  • Unreal Engine 5 технологиясының арқасында көз жауын алатын керемет графикаға қол жеткізілді.
  • Судың динамикалық жүйесі әрбір тіршілік иесінің қозғалысынан пайда болған толқындарды, шашырандыларды және көпіршіктерді шынайы көрсетеді.
  • Физикалық әсерлесулер толыққанды жүзеге асқан, яғни әрбір шөп, бұта және ағаш сіздің кейіпкеріңіздің әрбір әрекетіне, жарылыстарға және өзге де нысандарға әсер етеді.

Жаңа әлеміңіз сізді тағатсыздана күтуде! ARK: Survival Ascended-тің қызықты оқиғаларына қанат қағып, батыл еніңіз!

Қайдан сатып алу

Баспагер Studio Wildcard
Әзірлеуші Studio Wildcard

Ойын ерекшеліктері

HDR Қолжетімді