ARK: Survival Of The Fittest
ARK: Survival Of The Fittest
ARK әлемінде 72 батыр аман қалу үшін күреседі! «ARK: Ең мықтылардың аман қалуы» аренасында қарсыластарыңды қапы қалдырып, онлайн режимінде бағыңды сына!
Ойын туралы
ARK әлеміне қош келдің! Мұнда қаһарлы табиғат пен тылсым тіршілік иелері қатар өмір сүреді. Әр қадамың қатерге толы, әр шешімің - тағдырың. Жетпіс екі батыр тіршілік үшін күреседі!
Қанды шайқаста қалай аман қалмақсың? «ARK: Survival Of The Fittest-те» тек өз ақылың мен тапқырлығыңа сенім арт! Баршаға мүмкіндік тең, бірақ шапшаң қимылдап, дұрыс шешім қабылдағандар ғана алға шығады. «ARK: Ең мықтылардың аман қалуы» аренасында қарсыластарыңды қапы қалдырып, жеңімпаз атан!
Егер сен де осы айқаста бағыңды сынағың келсе, ARK: SOTF-тің ерекшеліктеріне көз сал:
- Жаңа мекендер мен бұрын-соңды кездеспеген тылсым тіршілік иелері әлемді қайта жаңғыртады.
- Кез келген ойыншыға лайықты eSport дәрежесі, ойын іздеу және жарыстық жүйесі.
- Ажалдан аман қалу үшін әр қадамыңды ойланып бас!
Достарыңмен бірігіп тайпа құр немесе жалғыз өзің айбат көрсетіп, жауларыңды ойсырат! ARK: Survival Of The Fittest-те онлайн режимінде бағыңды сынап, жеңіске жет!
Қайдан сатып алу
| Баспагер | Studio Wildcard |