Atomfall

Atomfall әлемі – апаттан кейінгі Ұлыбританияның қаңыраған жері. Жұмбаққа толы әлемді аралап, құпияларды ашып, тіршілік үшін күресің. Әр шешім маңызды! "Atomfall" ойынында қорқыныш пен құпияға толы әлем күтеді.

Ойнау

Ойын туралы

Atomfall әлемі – апаттан кейінгі Ұлыбританияның күйреген, тозған жері. Rebellion студиясының осы бір тың туындысы сізді жұмбаққа толы жауаптарды іздеуге жетелейді. Көздің жауын алатын көріністерге толы аймақты аралап, керекті құралдарды жасап, саудаласып, өмір мен өлім арпалысқан шайқастарға түсіңіз.

Ойын барысында әртүрлі таңғажайып кейіпкерлермен кездесіп, мистикалық құпияларға толы әлемге сүңгіп, үкіметтің көлеңкелі әрекеттерін әшкерелеуге тырысасыз. Әр басқан ізіңіздің ақыры бар, сондықтан әр шешімді саралап қабылдаған жөн. Тіршілік ету үшін керекті заттарды тауып, қару-жарақ пен керек-жарақтарды құрастырып, жан сақтау үшін күресің. Оқ-дәрі мен қару-жарақ тапшы болғандықтан, төбелесте мергендік өнері мен қоян-қолтық айқастың шебері болу қажет.

Atomfall ойыны сізге мыналарды ұсынады:

  • Көз тартар әлем: Алыстағы қыстақтар, табиғи үңгірлер, ядролық бункерлер мен секталардың билігіндегі елді мекендердің қорқыныш пен құпияға толы әлемін зерттеу.
  • Мистика мен шындықтың үйлесуі: Atomfall өмірде болған уақиғаларға негізделген. Бірақ ғылыми қиял, қорқынышты хикаялар мен қырғи-қабақ соғыстың әсерінен ойын ерекше әсер қалдырады.
  • Ойыншы әсер ететін сюжет: Зерттеу, әңгімелесу, тергеу және шайқас арқылы бір-бірімен тығыз байланысқан оқиғаларды ашып, әрбір қабылданған шешімнің зардабын сезіну.

Atomfall әлеміне қадам басып, түнектегі құпияларды ашыңыз!

Қайдан сатып алу

Баспагер Rebellion

Ойын ерекшеліктері

HDR Қолжетімді