Brickadia
Brickadia
Brickadia әлемінде достарыңмен бірге ғажайып әлемдерді тұрғызып, қиялыңдағы идеяларды жүзеге асыр! Шексіз құрылыс мүмкіндіктері мен динамикалық физика сені күтеді!
Ойын туралы
Арман жетегіндегі Brickadia әлеміне қош келдіңіз! Бұл – қиял қанатында самғап, шығармашылықтың шексіз мүмкіндіктерін ашатын ғажайып мекен. Достарыңызбен бірге аңызға айналар әлемдерді тұрғызып, осы құрылыс ойыны арқылы қиялыңыздағы барлық идеяларды жүзеге асырыңыз. Brickadia құрылыс алаңында тек зәулім сарайлар ғана емес, күрделі механизмдерді де жасай аласыз. Әрбір ойдан шығарған туындыңыңыз көз алдыңызда жаңа қырынан ашылып, шабыт сыйлайды.
Серіктеріңізбен бірге уақытты ғанибет өткізуге арналған таптырмас ойын! Осы бір қызықты оқиғаларға толы әлемді жақын жандарыңызбен бөлісіп, бірге ләззат алыңыздар. Сіздерді не күтіп тұр дейсіз бе?
- Шексіз құрылыс мүмкіндіктері: сансыз кірпіштер мен құралдар арқылы барлық идеяларды жүзеге асыра аласыз.
- Динамикалық физика: сіздің туындыларыңыз жанданып, шынайы қозғалыстармен өмірге келеді. Әрбір салған дүниеңіз тіріліп, өзіндік қимыл-әрекет көрсетеді.
- Аватарды өзгерту: өзіңізге ғана тән дара кейіпкер жасаңыз. Оның киімін, шаш үлгісін таңдап, келбетін қалағаныңызша өзгертіңіз.
Brickadia серверлерінде басқа да ойыншылармен күш сынасып, шығармашылық қабілетіңізді паш ете аласыз. Карта жасау арқылы ойынның қызығы мен тартымдылығын арттыруға өз үлесіңізді қосып, онлайн Brickadia әлемінде достарыңызбен бірге саяхат жасап, уақытты ұмытылмастай қылыңыздар!