Bus Simulator 18
Bus Simulator 18
Bus Sim 18-де әйгілі автобустармен жолаушы тасы! Қалалық автобус жүргізушісі бол! Автобусыңды ұқыпты басқарып, табысқа жет. Автобус симуляторының қыр-сырын меңгер!
Ойын туралы
Кең қала көшелері, зәулім ғимараттар мен жаңа қоныстар – бәрі сенің алақаныңда! Bus Sim 18 ойынында әлемге әйгілі Mercedes-Benz, Setra, MAN және IVECO BUS секілді автобустар паркін тізгіндеп, жолаушыларды аман-есен, көздеген жеріне жеткізу – басты міндетің. Қалалық автобус жүргізушісі болу – оңай шаруа емес, бірақ сен нағыз кәсіби маман екеніңді дәлелдеуге мүмкіндігің бар!
Ойыншы ретінде үлкен шаһардың тынымсыз көлік ағынында сан алуан тосын жағдайларға кезігесің: аяқ астынан жауған жаңбыр, ойдым-ойдым шұңқырлар, шыдамды сынайтын кептелістер, жолақысын төлегісі келмейтін жолаушылар мен тіпті жол апаттары да саған тосқауыл бола алады. Бірақ бұл қиындықтар сенің жігеріңді жасыта алмайды! Автобусыңды барынша ұқыпты басқарып, мол табысқа кенел, қауіпсіз және де уақытылы жүргеніңнің арқасында абыройыңды асқақтатып, қала көшелерінде желдей ес. Автобус симуляторы 18 арқылы жолаушы тасымалдаудың қыр-сырын толық меңгеріп, әрбір аялдамаға белгіленген уақытта дер кезінде жетуге тырыс.
Автобус симуляторының қазақша нұсқасында сені мынадай ерекшеліктер күтеді:
- Нағыз лицензиясы бар автобустерді тізгіндеу мүмкіндігі;
- Достарыңмен бірігіп, бірнеше ойыншы режимінде ойнаудың сәті;
- Үлкен шаһардың аумағын еркін зерттеу.
Егер өмірдегідей шынайы сезімде болғанын қаласаң, онда бұл ойын – сен үшін! Рөлге еніп, өзіңді қала көшелеріндегі нағыз жүргізушідей сезін!
Қайдан сатып алу
| Баспагер | Astragon Entertainment |