Car Manufacture

XX ғасырдың басында көлік империясын құрыңыз! Зауытты дамытып, жұмысшыларды жалдап, пайдаға батыңыз! 60-қа жуық көлік үлгісін зерттеп, бәсекелестерді шаң қаптырыңыз!

Ойнау

Ойын туралы

XX ғасырдың басындағы автоөндіріс әлеміне саяхат жасап, өз көлік империяңызды құрыңыз! Қолыңызда бірнеше мың доллар ғана болса да, зауытыңыздың әрбір қырын дамытып, жобалай аласыз: ғимараттар тұрғызып, алғашқы өндірістік желіні іске қосыңыз. Жұмысшыларды жалдап, біліктілігін арттырыңыз, өндірісті дұрыс жоспарлап, пайдаға батыңыз!

Бұл ойын сізге автомобиль өндірісінің акуласы атануға мүмкіндік береді: 60-қа жуық көлік үлгісін зерттеп, жаңа технологияларды меңгеріңіз. Брендтің атын шығарып, жарнама мен сатылымды тиімді жүргізіңіз. Бәсекелестерді шаң қаптырып, озып шығыңыз! Көлік құрастыруда сізге қарсылас жоқ шығар?

Сізді мынадай ерекшеліктер күтеді:

  • Жеті түрлі қалада қайталанбас көлік зауытын салыңыз.
  • Өнімді арттыру үшін құрастыру желілерін оңтайландырыңыз.
  • Әрқайсысының өз қабілеті бар қызметкерлерді басқарып, оқытыңыз.
  • Өнімдерді жарнамалап, бағаны дұрыс таңдаңыз.
  • Жаңа құрылғылар мен жабдықтарды орнатып, зауытыңызды жаңартыңыз.
  • Инновациялық технологияларды зерттеп, тың автокөлік үлгілерін ойлап табыңыз.
  • Көбірек клиент тарту үшін зауытыңыздың танымалдығын асырыңыз.
  • Біліміңіз бен білігіңізді сынау үшін сан алуан сынақтардан өтіңіз. Сіз шынымен де автомобиль бизнесінің білгірі атана аласыз ба, ойланыңыз!

Ең үздік әрі жылдам көліктерді құрастырыңыз! Зауытыңыздың әрдайым алға жылжуы үшін бар күшіңізді салыңыз!

Қайдан сатып алу

Баспагер PlayWay S.A.