Car Trader Simulator

"Car Trader Simulator": автосалоныңызды нөлден бастап құрыңыз! Көлік аукционына қатысып, көлік саудасының қыр-сырын меңгеріп, нағыз бизнес магнатына айналыңыз. Қазақ тілінде!

Ойнау

Ойын туралы

«Car Trader Simulator» ойынында сіз өзіңізді Американың автомобиль саудагері ретінде сезінесіз, бұл қаржылық шыңдарға жетуге мүмкіндік береді. Бұл симулятор сізді көлік саудасының қызықты әлеміне жетелейді, онда өз абыройыңызды сақтай отырып, пайда табудың жолдарын іздеуге болады. Кейбір ойыншылар күмәнді жолдармен, тіпті көлік ұрлау арқылы да пайда табуы мүмкін, бірақ бұл әрекеттердің беделіңізге әсері болуы ықтимал.

Бизнесіңіз өркендеген сайын, жаңа қызметкерлерді жалдап, қаржылық шешімдер қабылдайсыз: мамандарға инвестиция салу, көліктерді жөндеу және жарнамалық кампаниялар жүргізу. Автосалонды басқару арқылы сіз нағыз кәсіпкердің рөліне еніп, мол пайда табу үшін маңызды шешімдер қабылдайсыз. Ақылды қадам жасасаңыз, олжаңыз мол болары сөзсіз.

«Көлік бизнесін дамыту» жолында аукцион қызығына еніп, әр лот үшін айқасқа түсесіз. «Автомобиль сату симуляторының» қазақ тіліндегі нұсқасында нағыз саудагерге тән тапқырлықпен саудаласып, ең үздік ұсыныстарды қанжығаңызға байлаңыз. «Көлік аукционының симуляторында» тек қалтаңыз қалың болу аздық етеді, көлікті тиімді пайдалану үшін ақыл-парасатыңызды да іске қосыңыз.

Көліктердің бай фотоальбомы сізді әрбір автоның тарихымен таныстырып, заманауи және көне үлгілерін ұсынады. Әрбір клиентпен сөйлесу барысында оның қалауын анықтап, көлікті сату ғана емес, сонымен қатар сатып алушының көңілін табуға тырысыңыз. Сонда ол сіздің адал тұтынушыңызға айналады. Автомобиль саудасының шынайы әлеміне саяхат жасап, өз жетістіктеріңізбен бөлісуге шақырамыз!

Қайдан сатып алу

Баспагер PlayWay S.A.