Cartel Tycoon

80-жылдардың Латын Америкасының қызуқанды есірткі саудасына қош келдіңіз! Cartel Tycoon-да сізді байлық пен қауіп күтіп тұр. Нағыз картельдік басқару симуляторында империяңызды құрыңыз!

Ойнау

Ойын туралы

80-жылдардың Латын Америкасындағы есірткі саудасының қайнаған ортасына қош келдіңіз! «Cartel Tycoon» әлемінде сізді атой салып жүріп, қып-қызыл байлыққа белшесінен батыратын жол күтіп тұр. Бірақ, есіңізде болсын, бұл жолдың әр қадамы ажалмен бетпе-бет кездесуге дайын тұратын қауіп-қатерге толы. Есірткі бизнесінің симуляторында бағыңызды сынап көріңіз! Көзді ашып-жұмғанша байып кетуге болады, бірақ құмар ойынның құлы болып, бір сәтте ақшаңызды шашып алу оп-оңай. Cartel Tycoon ойнау – шытырман оқиғаларға толы әлемге қадам басумен тең!

Қауіпті әлемде империя құру оңай емес, әрине. Десе де, «Cartel Tycoon» ойынында сіз есірткі баронының өмірі қаншалықты қызықты әрі қандай қауіп-қатерге толы екенін өз көзіңізбен көре аласыз. Картельдік басқару симуляторында өз империяңызды құрыңыз: алдымен шағын ғана плантацияны қолға алып, бірте-бірте зертханалар мен әуежайларға дейін жеткізіңіз. Мун Мус студиясының стратегиялық ойынында криминалдық империя құрудың қыр-сырын меңгеріп, нағыз магнатқа айналыңыз! Бәсекелестердің басын қатырып, билікке ұмтылыңыз. «Жақсының аты – өлмейді, ғалымның хаты – өлмейді» дегендей, сіздің ісіңіз де сізден кейін ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып дами береді.

Ойын сізге тағы қандай мүмкіндіктер береді?

  • Империяңызды өркендетіңіз: шағын ғана фермерлік шаруашылықтан бастап, аса ірі логистикалық жүйеге дейін дамытыңыз;
  • Өз шартыңызбен билік жүргізіңіз: ондаған жаңартулар мен сансыз стратегиялық жолдар тек сіздің таңдауыңызда ғана;
  • Ажалдан ешкім құтыла алмайды: егер басшыңыз опат болса, басқару тізгінін берік ұстап, империяны алға сүйрейтін ең сенімді серігіңізді тағайындаңыз.

«Cartel Tycoon» әлеміне еніп, өз тағдырыңызды сынап, үздіксіз империя құруға бел буыңыз! Тәуекел – түбі жеміс!

Қайдан сатып алу

Баспагер tinyBuild