Content Warning

SpöökTube-ті жарыңыз! Достарыңызбен бірге вирустық видео түсіріп, жұлдыз болыңыз немесе мәңгілікке жоғалыңыз! Қорқынышты құбыжықтар мен лағынеттелген жәдігерлерге толы Content Warning сізді күтеді!

Ойнау

Ойын туралы

Достарыңмен бірге SpöökTube-ты дүр сілкіндіріп, жұлдыз болғыларың келе ме? Content Warning-те сендер достарыңмен бірге ескі әлемге сүңгіп, ең вирустық видеоны түсіруге тырысасыңдар. Жұрттың бәрі білетін жұлдыз болу немесе мәңгілікке жоғалу – таңдау өздеріңде! Бет-әлпеттеріңді ASCII редакторымен өзгертіп, қару-жарақтарыңды алып, су астына батыл сүңгіңдер.

Ол жақта сендерді қорқынышты құбыжықтар, лағынеттелген жәдігерлер және басқа да толып жатқан қауіп-қатерлер күтіп тұр. Оттегілерің, камераларыңның заряды немесе достарың таусылғанша, мүмкіндігінше қорқынышты көріністерді түртіп алыңдар. Аман-есен қайтып оралсаңдар, SpöökTube-қа жүктеп, қаралымның қалай көбейіп жатқанын бақылаңдар. Ойын барысында бейнероликтерің үшін ақша тауып, ол қаржыға керемет жабдықтарды сатып аласыңдар. Егер үш күн ішінде қаралымдарың шарықтай берсе, SpöökTube-тағы даңқты жолдарыңды жалғастырып, байлық пен абыройға жетелеуге мүмкіндік бар! Content Warning ойынында ит өлген жерде де қауіп бар!

Ойынның ерекшеліктері:

  • Қолмен ұстайтын жұмыс істейтін бейнекамера
  • 2-4 ойыншыға арналған онлайн кооператив
  • Дауыстық чат
  • ASCII бетін теңшеу
  • Ойын ішінде жазбалар жасау және сақтау
  • Достарыңның күлкілі қылықтары
  • Қорқынышты, анимациялық құбыжықтар
  • Қарғыс тиген жәдігерлер
  • Шамдар (өте көп)
  • Атақ (мүмкін)

Әрбір жүктелген бейнероликтерің үшін жарнамадан түскен ақшаға дүкеннен қызықты және пайдалы заттарды сатып алуға болады. Құрал-саймандарды жаңартып, эмоциялар, реквизиттер және алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған заттарды сатып алыңдар. Content Warning co-op ойынында естен кетпес сәттер көп болады деп сенеміз. Content Warning ойнап, достарыңмен бірге керемет уақыт өткізіңдер!

Қайдан сатып алу

Баспагер Landfall Games AB