Dragon Age: The Veilguard

Dragon Age: Veilguard әлемінде Тедасты құтқару жолындағы күресте серіктеріңмен бірге құдайларға қарсы тұр. Әр шешім маңызды, әр кейіпкер – сенімді одақтас!

Ойнау

Ойын туралы

Тедас – қатал табиғат аясы, қауіпті лабиринттер мен көздің жауын алатын қалалардың керемет үйлесімі! Ғасырлар бойы қараңғылықта жатқан қаскөй құдайлар енді әлемді күл-талқан етуге бел буды. Осындай алмағайып заманда Dragon Age: Veilguard ойынында сіз жауынгерлерді бастап, құдайларға қарсы тұра аласыз. Бұл ойында сіз жұрттың сеніміне ие болған, нағыз көшбасшының рөлін сомдайсыз!

Сіздің негізгі мақсатыңыз – әлемді жойылудан сақтап қалу үшін Перде сақшыларын бір тудың астына топтастыру. Сіздің қарамағыңызда әрқайсысының өз тағдыры мен қызықты тарихы бар жеті жауынгер серігіңіз болады. Олардың арасында қанішер де, некромант та, тіпті тапқыр детектив те бар, әрқайсысы шайқасқа өзінің ерекше қабілеті мен мол тәжірибесін қосады. Dragon Age: Veilguard ойынында өзіңізге ұнайтын кейіпкерді таңдап, оның келбетін қалауыңызша өзгертіп, ойын әлеміне еніңіз.

Арлатхан орманынан бастап Минратус көшелеріне дейін – ойынның әрбір бұрышы Тедас тағдырына тікелей әсер етеді. Сіз жаңа қабілеттерге қол жеткізіп, жауынгерлік өнеріңізді шыңдай түсетін аса қуатты артефактілерді табасыз. Dragon Age-дің жаңа бөлімін асыға күтіңіз, себебі әр шешім маңызды, әр одақтас сенімді серік, ал алдағы шайқаста бар күш-жігеріңіз керек болады! Тедасты ажалдан құтқарушы батыр атаныңыз!

Қайдан сатып алу

Баспагер Electronic Arts Inc.
Әзірлеуші BioWare Corp.

Ойын ерекшеліктері

HDR Қолжетімді
DualSense Қолжетімді