Expeditions: A MudRunner Game
Expeditions: A MudRunner Game
Жаңа Expeditions: A MudRunner Game ойынында Аризонадан Карпатқа дейін саяхаттап, тарихтың терең сырларын ашыңыз. Жолсыз жерлердегі экспедициялар сізді күтеді!
Ойын туралы
Жаңа ғылыми экспедицияларға қатысуға дайынсыз ба? Expeditions: A MudRunner Game әлемінде сізді бұрын-соңды болмаған ғажайып оқиғалар күтіп тұр. MudRunner мен SnowRunner секілді әйгілі ойындарды жасаған студияның мықты да жол талғамайтын техникаларына мініп, соңғы үлгідегі құралдарды тиімді пайдалана отырып, табиғаттың тылсым сырларын ашуға ат салысыңыз.
Аризонадан Карпат тауларына дейін созылып жатқан керемет әлемді зерттеңіз. Ғасырлар куәсі болған қазыналарды іздеп, тарихтың терең қойнауынан жеткен жәдігерлерді табыңыз. Бұл сапарда Saber Interactive студиясының ең үздік туындысы – жолсыз жерлердегі экспедициялар сізді тың әсерлерге бөлейді! Әрбір сапардан тапқан табысыңызды жаңа техникаларға инвестициялап, өз базаңызды нығайта аласыз.
Егер сізді табиғаттың тосын сыйлары қызықтырып, әлі күнге дейін ашылмаған құпияларға толы әлемге саяхаттауды армандасаңыз, Expeditions: A MudRunner Game сіз үшін таптырмас тарту! Ал қазақ тіліндегі ойындарды іздейтін ойынқұмар жандар үшін бұл ойынның орны ерекше.
Ойынның ерекшеліктері:
- Көліктерді жаңарту: Әрбір экспедиция барысында қойма жабдықтарына, қажетті қосалқы бөлшектерге қол жеткізіп, әр түлі құралдарды тиімді қолданыңыз.
- Жаңа технологиялар: Көліктеріңізді ең соңғы үлгідегі технологиялармен жабдықтаңыз. Батпақта белшесінен батып қалған көлікті шығарып алуға, қауіпті тік жардан аман-есен түсуге көмектесетін құралдарды ұмытпаңыз.
- Әлемді зерттеу: Сізді Аризона мен Карпат тауларындағы археологиялық қазбалар, динозаврлардың қаңқалары және табиғаттың сан қилы құпиялары қарсы алады.
Expeditions: MudRunner – сіздің жүрегіңізді баурап, шытырман оқиғаларға толы әлемге сапар шектіретін ғажайып ойын!
Қайдан сатып алу
| Баспагер | Focus Entertainment |