F1 Manager 2022

F1 әлеміне қош келдің! «F1 Manager 2022» ойынында командаңды басқар, үздік жүргізушілерді жалда, стратегия құр. Әр жарыс сайын командаңды жақсартып, жеңіске жет!

Ойнау

Ойын туралы

Formula 1 әлеміне қадам басыңыз! Ресми лицензиясы бар «F1 Manager 2022» ойынында өз командаңыздың тізгінін ұстап, оларды жаңа асуларға жетелеңіз. 2022 жылғы маусымның үздік жүргізушілері мен білікті мамандары сіздің басқаруыңызда болады.

Командаңыздың штаб-пәтері – бұл тек шешім қабылдайтын орын ғана емес, жеңіске жету жолындағы стратегиялар мен жоспарлар құратын орталық. Әр жарыс аралығында команданың әлеуетін арттырып, қаржылық жағдайды тұрақтандырыңыз. Бәсекелестерді артта қалдыру үшін үздік мамандарды өз жағыңызға тартыңыз. F1 командасын басқарудың қыр-сырын меңгеріп, әлемдік аренада топ жарып, көк байрағыңызды желбіретіңіз!

Сонымен қатар 2022 жылғы жаңа болидтердің дизайнын пайдаланып, қарсыластарыңызды шаң қаптырыңыз. Жарысқа дайындық кезінде көліктерге озық бөлшектер орнатып, инженерлік шешімдер қабылдау арқылы трассада барынша жылдамдықты көрсетіңіз. Пит-стоптың тиімді стратегиясын құрып, дөңгелектерді дұрыс таңдап, жүргізушілерге нақты нұсқау беріп, жеңіске жол ашыңыз. Кенеттен жауған жаңбыр немесе ауа райының құбылуы сынды тосын жағдайларға дайын болыңыз! Бұл нағыз F1 ойын стратегиясының шынайы көрінісі!

«F1 Manager 2022» ойынында сіз өзіңізді нағыз менеджер ретінде сезінесіз. Жоғары сапалы графика мен дыбыс сізді жарыс алаңына жетелейді. Формула 1 командасын басқару арқылы ғана жеңіске жете аласыз. Әрбір шешім маңызды, әр қадам ақылмен жасалуы тиіс.

Қайдан сатып алу

Баспагер Frontier Developments