Fallout 4
Fallout 4
Fallout 4 әлемінде ядролық соғыстан кейін керемет еркіндікке ие бол! Vault 111-ден шығып, S.P.E.C.I.A.L. жүйесімен өзіңе керекті қабілетті таңдап, қала құрылысын баста!
Ойын туралы
Fallout әлеміне қош келдіңіз! Ядролық соғыстан кейін қайта түлеген, шексіз мүмкіндіктерге толы ғажайып әлем сізді күтеді. Vault 111-ден аман қалған жалғыз сіз жаңа дәуірдің бастауында тұрсыз. Әрбір шешіміңіз осы бір тылсым әлемнің тағдырын айқындайды. Bethesda Game Studios-тың ең ауқымды туындысы – Fallout 4 сізді өзіне шақырады! Бұл – бар геймердің арманына айналған, жаңа буынның үздік ойындарының бірі.
Ойын барысында сіз керемет еркіндікке қол жеткізесіз: жүздеген қызықты мекендерді аралап, сан алуан кейіпкерлермен танысып, түрлі тапсырмаларды орындай аласыз. Өз жолыңызды өзіңіз таңдайсыз: қаласаңыз – қандай да бір топтың мүддесі үшін күресің, қаласаңыз – ешкімге тәуелсіз саяхаттайсыз. Fallout 4 ойынында S.P.E.C.I.A.L. жүйесінің арқасында сіз қалаған бейнеңізді оп-оңай жасай аласыз. Бұлшық еттері бұлтия, сауыт киген жауынгерден бастап, қайсыбір жанның тілін табатын шешенге дейін – жүздеген қабілеттің ішінен керегін таңдап, ойын стиліңізді қалыптастырыңыз. Ойынның жаңа буын графикасы мен жарықтандыру технологиясы Fallout 4 әлемін бұрын-соңды болмағандай шынайы ете түседі. Ал Vault-Tec Assisted Targeting System (V.A.T.S) жүйесінің көмегімен қарқынды шайқастарда уақытты баяулатып, жауларыңызға дәл соққы бере аласыз. Сонымен қатар, ең жетілдірілген қолөнер жүйесінде сан мыңдаған заттарды жинап, жаңартып, пайдаға асырасыз. Қару-жарақ, бронды киімдер, химиялық қоспалар мен азық-түлік – бәрі бар! Тіпті қаласаңыз, үлкен қала салып, оны басқара да аласыз.
Егер сізді шынайы сезімге бөлейтін, шытырман оқиғаларға толы рөлдік ойын қызықтырса, онда Fallout 4 сізді жалықтырмайды. Өйткені, бұл ойында әрбір шешіміңіз жаңа бір тарихтың бастауы болмақ!
Қайдан сатып алу
| Баспагер | Bethesda Softworks |