Farlanders
Farlanders
Марсқа аяқ басып, «Farlanders» ойынында қаланы қалай салу керектігін үйрен! Әр қадамыңды ойластыр, өндірістік кешендерді тұрғыз, колонияңды өркендет. Ғаламшарды игерудің жаңа жолдарын тап!
Ойын туралы
«Farlanders» ойынында сізді Марсқа алғашқы болып аяқ басқан қоныстанушылардың қатарында қызыл ғаламшардың тың жерлерін игеруге шақырады! Ретро нақыштағы бұл қала құру ойыны сізден қоныстанушыларға барынша жайлы жағдай жасауды, ғаламшардың құпиясын ашуды және Марс қойнауынан қазыналы артефактілерді табуды талап етеді.
Ойын барысында Марста қаланы қалай дұрыс салу керектігін меңгеріп, әрбір қадамыңызды жеті рет өлшеп, бір рет кесіңіз! Өндірістік кешендерді тұрғызып, ауыл шаруашылығын өркендетіп, тұрғын үйлерді салып, колонияңыздың шарықтауына жол ашыңыз. Ғимараттарды орналастыру кезінде әрқайсысының әкелер пайдасы әртүрлі болғандықтан, ақылмен әрекет етіп, стратегиялық ойлау қабілетіңізді шыңдай біліңіз. «Farlanders» ойынын қазақша ойнап, ғаламшарды зерттеудің, ресурстарды басқарудың және технологияларды дамытудың жаңа жолдарын табыңыз.
«Farlanders» ойынында сізді мынадай ерекшеліктер күтеді:
- Терраформация жүйесі арқылы ғаламшардың келбетін танымастай өзгертіп, су көздерін қалыптастыра аласыз, әрі жаңа кен орындарын ашасыз.
- Жер асты әлеміне сүңгіп, бағалы қазбаларды тауып, тың аумақтарды зерттейсіз.
- Әрбір ойын сайын көздің жауын алатын жаңа карталар мен қызықты міндеттер пайда болатындықтан, қызықтан қанбайсыз.
«Crytivo Games» әзірлеген ойындардың қатарындағы «Farlanders» сізді стратегиялық шешімдер қабылдауға, ғаламшарды игеруге және өз колонияңыз туралы аңызға айналар тарихты жазуға шақырады!
Қайдан сатып алу
| Баспагер | Crytivo Games |