Farming Simulator 22

Farming Simulator 22 – өз шаруашылығыңызды құрыңыз, ырысыңыз шалқысын! Әлемге танымал брендтердің 400-ге жуық техникасы көмекке келеді. Нағыз қазақы шаруашылықты құрыңыз!

Ойнау

Ойын туралы

Өз шаруашылығыңызды құрыңыз, ырысыңыз шалқысын! Егінді орыңыз, малды бағып-қағыңыз, өндірісті жоспарлап, жылдың төрт мезгілінде де тыным таппаңыз. Farming Simulator 22 – шаруаның берекесін келтіретін ойын!

Заманауи шаруаның рөліне еніңіз! Егіншілік, мал шаруашылығы, орман кәсібі – бәрі алдыңызда. Төрт мезгілдің, әсіресе, қыстың суығына мойымай, ісіңізді алға жылжытыңыз. Қалауыңыз бойынша шаруашылық құрыңыз, өнім өндіру тізбегін дамытыңыз, ірі агробизнеске қол жеткізіңіз! Достарыңызбен бірге шаруаңызды қызыққа толы етіп, көңіл көтеріңіз.

Жерорта теңізі жағасындағы Францияның жүзімдігін, Американың бидай мен картопқа толы даласын немесе Альпі тауларындағы мал фермасын таңдаңыз – таңдау еркі өзіңізде. Case IH, CLAAS, Fendt, John Deere, Massey Ferguson, New Holland, Valtra сынды әлемге танымал 100-ден астам брендтің 400-ге жуық техникасы мен құрал-жабдықтары шаруаңызға көмекке келеді.

Farming Simulator 22 ойынында бұрын-соңды болмаған мүмкіндіктер бар: жерді өңдеу, тасты теру, жылыжай мен ара ұясын салу, өз фермеріңіздің келбетін жасау. Farming Simulator 22-де қазақы нақыштағы шаруашылық құрып, жергілікті егіншілік дәстүрлерін жаңғыртып, жаңаша серпін беруге болады.

Әзірлеуші GIANTS Software компаниясы тексерген тегін қосымшаларды жүктеп алып, ойынды одан әрі қызықты ете түсіңіз. Әрқашан табысты шаруа болыңыз, ісіңізге жаңа леп әкеліңіз! Виртуалды шаруа әлеміне саяхат жасап, нағыз диқаншылықтың қызығына батыңыз!

Қайдан сатып алу

Баспагер GIANTS Software GmbH

Ойын ерекшеліктері

HDR Қолжетімді