Farming Simulator 25
Farming Simulator 25
Farming Simulator 25 – сізді қызықты шытырман оқиғаларға толы ферма өмірі күтеді! Достарыңызбен бірлесіп, үлкен табыстарға жетіңіз. Шешім – өзіңізде!
Ойын туралы
Farming Simulator 25 – қызықты да шытырман оқиғаларға толы ферма өміріне саяхат! Бұл ойында жалғыз шаруаңызды гүлдендіріп, мерейіңіз үстем болсын, немесе достарыңызбен бірлесіп, үлкен табыстарға жетіңіз. Шешім – өзіңізде!
Солтүстік Американың ирелеңдеген өзендерінің жағасындағы ескі диірмендердің жанында, Орталық Еуропаның көлдерінің ортасында, немесе Шығыс Азияның жарық шамдары жарқыраған қала маңындағы күріш алқаптарында өз фермаңызды салыңыз. Егіншілік Симуляторы 25 сізге әр дақылдың өзіндік ерекшелігін ескере отырып, дәнді дақылдар егіп, төрт түлікті бағып-қағуға, сонымен қатар орман шаруашылығының қыр-сырына терең бойлауға мүмкіндік береді. Одан бөлек, ферма дүкендері мен өндіріс орындарынан тұратын кәсіпкерлік империяңызды басқара аласыз. Сізді нағыз ауыл шаруашылығының қызыққа толы тірлігі күтіп тұр!
Ауа райының құбылмалылығы мен жер бедерінің ерекшеліктері ойынға жаңа әсер қосады. Құйын мен бұршақ сияқты табиғаттың қаһары фермерлерді алдын ала сақтануға, егінге келер залалды бағамдауға мәжбүр етеді. Доңғалақтардың ізі жер бедерін өзгертеді. Ауа райының әсері ферманың көрінісін тіптен шынайыландыра түседі. Таңғы күн сәулесі ағаштардың арасынан өтіп, тұманды алтын шапаққа бөлесе, сізді ерекше сезім кернейді!
Виртуалды фермер ретінде Ауыл шаруашылығы ойынында күріштің екі түрін суды жақсы сіңіретін күріш алқаптарында өсіріп, әр дақылдың өнімділігі мен өсу ерекшеліктерін зерттеңіз. Немесе барлығы 25 түрлі дақылдың арасынан қалағаныңызды таңдап, бірегей технологияларды қолданып керемет нәтижеге қол жеткізіңіз. Оның ішінде шпинат, бұршақ, жасыл үрме бұршақ бар. Түрлі ағаш көшеттері мен жылыжайда өсірілген көкөністер ойынның қызығын арттырады. Азиялық ферма шаруашылығы тәжірибесімен танысып, жаңа құрал-саймандарды қолданып егістіктерді аралаңыз. Ал алып буйволдар мен ешкілер сиыр, қой, шошқа, тауық, жылқы және өзге де жануарлармен бірге жайылымда еркін жайылады. Farming Simulator ойынында сіз Қазақстанның кең байтақ даласындай әсер аласыз!
Трактор ойындары жанрындағы жаңа нұсқада әлемге әйгілі 150-ден аса брендтің 400-ден астам түпнұсқалы техникасы мен құралын тізгіндеп, олардың шынайы мүмкіндіктеріне көз жеткізіңіз. Олардың қатарында Case IH, CLAAS, Fendt, John Deere, Kubota, Massey Ferguson, New Holland, Valtra және басқалары бар. Өзіңізге ұнайтын марканы таңдап, жаңа технологияларды меңгеріңіз! GPS-пен басқарылатын рөлдік жүйе мен автоматтандыру сіздің еңбегіңізді жеңілдетеді.
Жаңа Ферма ойыны Farming Simulator 25 сізді тосын сыйлар мен ұмытылмас оқиғаларға толы әлемге жетелейді! Шаруашылық симуляторының қызығына батыңыз!
Қайдан сатып алу
| Баспагер | GIANTS Software GmbH |