Атқыш
240Атқыш
Атқыштар – бұл шапшаңдық пен мергендіктің шынайы сынағы! Әрбір шешім маңызды, әрбір қателік – тәжірибе. Егер сен ойынның майын ішкен болсаң, бұл сен үшін таптырмас жанр. Қарсыластарыңды қапы қалдырып, тактикалық айла-тәсілдеріңді көрсет!
Бірінші жақтан (FPS) немесе үшінші жақтан (TPS) көзқараспен ойнауды таңда. FPS сені оқиғаның қақ ортасына тастаса, TPS стратегиялық ойлауға көбірек мүмкіндік береді. Екеуі де сенің ойын стиліңе қарай таңдауға лайық. Әрқайсысының өз қызығы мен шыжығы бар.
Атқыштар әлемі – үздіксіз экшн, жоғары жылдамдық және тосынсыйларға толы. Достарыңмен бірге мықты команда құрып, қарсыластарға қарсы тұрыңдар немесе жалғыз қасқыр болып, барлығын өзің жайрат. Бұл жерде әркім өзінің жолын табады. Бастысы – мойымау және әрқашан жеңіске жету! Атқыштарда тек мықтылар ғана топ жарады.
Ойынға бірден сүңгіп, шайқасқа дайын бол! Сен жеңіске лайықсың!