Hollow Knight

Құрметті ойыншы, Қуыс рыцарь әлеміне қош келдің! Бұл – жәндіктер патшалығының күйреуі туралы аңыз. Қолмен салынған әлемде қаһарман болып, күреске бел бу!

Ойнау

Ойын туралы

Қуыс рыцарь әлеміне қош келдіңіз! Аңызға айналған, жәндіктер мен қайсар батырлар мекен еткен, күйреген патшалықтың жұмбағын ашуға асығыңыз. Бұралаң үңгірдің түкпірін шарлап, індетке шалдыққан тіршілік иелерімен шайқасыңыз. Мұның бәрі көздің жауын алатын, қолмен салынған 2D әлемінде! Сезімтал басқару жүйесі ойынның жүрегі іспетті, қауіпті жаудан да оп-оңай құтылып кетуге жол ашады.

Батырлық жолда жаңа қабілеттерді меңгеріп, тылсым күшті иеленіңіз. Күшіңізге сенім артып, аспанға қалықтап, жалындай жарықпен алға ұмтылыңыз. Hallownest әлемінде саяхаттап, жаңа достармен сырласып, жолыңызда кездескен дұшпандармен айқасыңыз. Қуыс рыцарь осы бір қызыққа толы сапарыңызға шамшырақ болары сөзсіз!

Бірегей саяхатыңызды айшықтай түсетін тылсым тұмарлар да бар. Егер көңіліңізге ескінің сәні, классиканың мәні жақын болса, сүйкімді де қорқынышты кейіпкерлер, ғажайып оқиғалар мен көне заманның әлемі құмар етсе, Қуыс рыцарь сізді құшақ жая қарсы алады!

Қайдан сатып алу

Баспагер Team Cherry