House Flipper 2

Балғаңды тазала, House Flipper 2 оралды! Ескі үйлерді сатып алып, жаңарт немесе жаңасын сал. Пиннаковтың тұрғындары сені асыға күтеді! Құрылыс ойындары режимінде арманыңдағы үйді сал!

Ойнау

Ойын туралы

Балғаңызды шаңнан тазартыңыз, себебі House Flipper 2 қайта оралды! Ескі үйлерді сатып алып, жаңартыңыз, тіпті жаңасын тұрғызыңыз. Сізді жаңа флиппер ретінде Пиннаковтың сүйкімді тұрғындары асыға күтеді.

«Ердің атын еңбек шығарады» демекші, House Flipper 2 үй тұрғызу мен жөндеудің қызықты әлеміне жетелейді! Ойынның жаңа механикасы мен мүмкіндіктері шытырман оқиғаларға толы әлемге енуге мүмкіндік береді. Ескі құралдарыңыз әлі де қолыңызда, ал жаңа графиканың арқасында жөндеуді қажет ететін үйлер көздің жауын алады. Егер арманыңыздағы үйді салғыңыз келсе, House Flipper 2-нің құрылыс ойындары режимінде қиялыңызға ерік беріңіз!

Пиннаков – уақыттың өзі демалғандай әсер қалдыратын қала, ондағы тұрғындар сізге өз үйлерінің сырын ашуға әзір. Досыңыз Том сізді жергілікті тарихтармен таныстырады. House Flipper 2 ойынында сіз құрылыс алаңының басшысысыз: қалағаныңызды жасаңыз – қаласаңыз үй тұрғызыңыз, қаласаңыз интерьерін жасаңыз. Sandbox режимінде нөлден бастап үй тұрғызып, Story режимінде қызықты тапсырмаларды орындай аласыз.

Қазақша ойындарды сүйетін әрбір ойыншы үшін House Flipper 2 – керемет тарту! Демек, уақытты босқа өткізбей, House Flipper әлемінің жаңа дәуіріне қадам басыңыз!

Қайдан сатып алу

Баспагер PlayWay S.A.