ICARUS

ICARUS әлемінде аман қалу – шыдамдылықты шыңдау! Достармен бірігіп қиындықты жең, экзотикалық кен ізде. Жаңа технология – ғажайыпқа жол! ICARUS-та бағыңды сына!

Ойнау

Ойын туралы

ICARUS әлемі – бір заманда Жердің жұмағындай болғысы келсе де, тағдырдың жазуымен қатал да қасіретті шөлге айналған ғаламшар. Сегіз дос бірігіп ойнап, бірге қиындықты жеңе алады. Бұл – шыдамдылықты шыңдайтын, PvE форматындағы ойын. Аман қалу – мың өліп, мың тірілумен тең. Экзотикалық кен іздеу – нағыз батырдың ғана қолынан келетін шаруа. Ал жаңа технологияларды меңгеру – тек заман талабы емес, ғажайыпқа қол жеткізудің алтын кілті!

ICARUS-та ойнау деген не? Бұл – орбиталық бекеттен тікелей ғаламшарға түсіп, шектеулі уақытта сан алуан миссияны абыроймен атқару. Дәлірек айтсақ, ICARUS әлемінде бағыңды сынау! Қаһарлы табиғатпен айқасып, азық тауып, баспана тұрғызып, жаныңды аман сақтау – сенің басты міндетің. Осылай тірі қалғандар тәжірибе жинап, білімін асырады, технологияны жетілдіреді. ICARUS-тың қызығы мен шыжығы да осында.

ICARUS саған қандай мүмкіндіктер ұсынады?

  • Әр ағашы кесілетін, әр тасы қазылатын 64 шаршы шақырымнан асатын тылсым әлем.
  • Ғаламшарлық технология, ойыншының дағдысы, орбиталық шеберханасы – бәрі бір алаңда.
  • Уақыт – алтын. Әрбір сәт – жеңіске бастайтын алтыннан да қымбат қадам.

Егер өмір мен өлім арпалысқан қауіпті ғаламға бас сұққың келсе, байлық табу сенің арманың болса, онда ICARUS ойынын қазақ тілінде ойнап көр! Бағыңды сынап, батылдық таныт, досым! ICARUS сені ғажайып әлемге шақырады!

Қайдан сатып алу

Баспагер RocketWerkz

Ойын ерекшеліктері

Reflex Қолжетімді