Killer Klowns from Outer Space: The Game

Алыс ғарыштан келген қанішер клоундардың шабуылы басталды! Достарыңмен бірігіп, Кресент Ков қаласын аман алып қалыңдар! Бұл ойын – шытырманға толы хоррор.

Ойнау

Ойын туралы

Алыс ғарыштан келген клоундардың аяусыз шабуылы басталды! Good Shepherd Entertainment ұсынған «Ғарыштан келген қанішер клоундар» ойынында сіз айрықша қауіпті клоун боласыз ба, әлде қала тұрғындарын қорғайтын батырлар тобында боласыз ба, таңдау өзіңізде. Бір жағында қала тұрғындарын тұзаққа түсіріп, қармаққа ілмекші клоундар, ал екінші жағында қаланы жаудан қорғамақ батырлар. Бұл – 80-ші жылдардағы аты аңызға айналған фильмнің желісімен жасалған, асимметриялық мультиплеерлік, шытырманға толы хоррор.

Ойын қызығына еніңіз! Кресент Ков қаласын толық зерттеп, қару-жарақ іздестіріңіз. Ешкімге білдірмей, абай болып, клоундардан жасырыныңыз, аман қалудың жолын қарастырыңыз! Ал егер сіз клоун болсаңыз, онда адамдарды аулау үшін сан алуан қарулар мен қабілеттерді асқан шеберлікпен қолданыңыз. Әрбір ойын қайталанбас, өйткені мақсаттар әр кезде өзгеріп отырады, сондықтан ойынның аяғы да тосыннан бітеді. Сіз ғарыштан келген клоундардың бетін қайтара аласыз ба, әлде қала тұрғындары клоунның құрбанына айнала ма, ойланып көріңіз.

Ойынның ерекшеліктері:

  • Клоун немесе адам кейпінде ойнау мүмкіндігі бар.
  • Үлкен қаланың әрбір қызықты жерін зерттей аласыз.
  • Мақсаттардың өзгермелілігі және ойынның аяқталуы әр түрлі болып келеді.

Достарыңызбен бірігіп, осы бір «ғарыштан келген клоундар» ойынында Кресент Ков қаласын аман алып қалыңыздар!

Қайдан сатып алу

Баспагер Good Shepherd Entertainment