Killing Floor 3
Killing Floor 3
2091 жыл. Horzine корпорациясы зомбилер әскерін құрды! Nightfall тобына қосылып, Killing Floor 3-те адамзат үшін күресің. Достарыңмен бірігіп, зомбилерді жой!
Ойын туралы
2091 жыл. Horzine мегакорпорациясы шектен шығып, биоинженериялық жолмен жасалған зомбилердің шексіз әскерін құрды. Енді сіз Nightfall бүлікшілер тобына қосылып, осы кооперативтік экшн/қорқынышты FPS-те адамзаттың болашағы үшін күреске қатысасыз. Сіздің ендігі тағдырыңыз – осы шешуші шайқаста жеңіске жету!
Killing Floor 3 ойынында бес досқа дейін бірігіп, зомбилердің толқынына қарсы тұрыңыз, ақша табыңыз, дағдыларды ашыңыз және ең мықты қару-жарақтарды жасаңыз. Бұл – зомбилермен айқасқанда шынайы шеберлігіңді көрсететін арена! Әрбір ойыншының қалауына бейімделетін түрлі қиындық деңгейлері мен режимдері бар. Егер сіз бірге ойнауға арналған ойын іздесеңіз, таптырмас таңдау!
Ойынның ерекшеліктері:
- 6 ойыншыға дейін бірігіп ойнау мүмкіндігі: достарыңызбен команда құрып, зомбилерді жайратыңыз немесе жалғыз өзіңіз айқасқа түсіңіз.
- Жаңа зомбилер: әрбір жаудың жасанды интеллектісі жоғары, бұрынғыдан да жылдам, қауіпті әрі айлалы.
- Қару-жарақтардың кең таңдауы: от шашқыштардан бастап, мылтықтар мен катаналарға дейін қолыңызда сан алуан қару бар. Оны жүздеген түрлі модификациялармен, гаджеттермен және дағдылармен жетілдіруге болады.
- Қауіпті аймақтар: инфекцияның таралуын тоқтату үшін түрлі қауіпті аймақтарға аттаныңыз. Қоршаған ортаны пайдаланып, туррельдерді, желдеткіштерді және басқа да жойқын тұзақтарды іске қосыңыз.
Killing Floor 3 ойыншыларының қауымдастығына қосылып, KF3 Қазақстан арнасында пікірлеріңізбен бөлісіп, жаңа достар табыңыз! Tripwire Interactive ойындарының жаңа туындысын жіберіп алмаңыз!