Left 4 Dead
Left 4 Dead
Counter-Strike, Half-Life сынды ойындарды жасаған Valve-ден Left 4 Dead! Зомби апокалипсисінде достарыңмен зомбилерді қырып, тірі қалуға тырысыңдар! L4D – нағыз экшн!
Ойын туралы
Counter-Strike және Half-Life секілді танымал ойындарды жасап шығарған Valve компаниясының Left 4 Dead (L4D) – зомби апокалипсисі жайлаған әлемдегі өмір мен өлім арасындағы айқасты суреттейтін экшнге толы ойын. Төрт дос бірігіп, қаланың қираған көшелерінен бастап, қараңғы орманның түпкір-түпкіріне дейін зомбилерге қарсы шайқасады. Left 4 Dead-ті достарыңмен бірге ойнап, зомбилерді қырып-жойып, тірі қалудың түрлі жолдарын іздеу – шынайы қызық!
Ойын барысында сендерді қаныпезер зомбилер мен мутанттардың аяусыз шабуылы күтіп тұрады. Қазақ тіліндегі Left 4 Dead ойынының графикасы соншалықты шынайы, әрбір басқан қадамың қауіп-қатерге толы. Әрбір бөлім – бес бірдей үлкен картадан құралған бір «кино» іспетті, мұнда командалық жұмыс пен стратегия аса маңызды рөл атқарады.
Valve компаниясының Left 4 Dead ойынының басты ерекшелігі – «AI Director» технологиясының арқасында ойын ешқашан қайталанбайды:
- Зомбилердің шабуылы сенің қалай ойнағаныңа байланысты жиілеп, күшейіп отырады.
- Әрбір ойын – жаңа бір оқиға. Тосынсыйлар мен күтпеген жағдайларға толы болады.
Егер сен зомби ату ойындарын ұнатсаң, Left 4 Dead сен үшін керемет мүмкіндік! Қазір-ақ L4D-ге қосылып, достарыңмен бірге зомбилер әлемінде аман қалуға тырысыңдар!
Қайдан сатып алу
| Баспагер | Valve Software |