Marvel's Avengers - The Definitive Edition
Marvel's Avengers - The Definitive Edition
Marvel Avengers ойынында жердің батырларын жинап, қабілетіңді шыңда! Достарыңмен бірігіп, әлемді жаудан қорға. Камала Хан Кек алушыларды қайта құруға бел буады!
About the Game
"Marvel’s Avengers: Definitive Edition" ойынында Жердің ең мықты деген батырларынан құралған команда жасақтап, өз қабілеттеріңізді шыңдап, супер қаһарман болу арманыңызды шындыққа айналдырыңыз! "Crystal Dynamics" компаниясының экшнге толы туындысы сізді ғаламат оқиғалар мен қызу шайқастарға толы әлемге жетелейді. Төрт ойыншыға дейін бірігіп, әлемді күннен-күнге күшейіп келе жатқан қауіп-қатерден бірлесе қорғаңыздар.
Оқиға А-Күнінен бастау алады: Капитан Америка, Темір адам, Халк, Қара жесір және Тор Сан-Франциско қаласында жаңа, ең соңғы үлгідегі Avengers штаб-пәтерін көпшілікке таныстыруға жиналады. Алайда, қуаныш пен шаттыққа толы бұл шара апатты жағдайға ұласып, қала қирап, көптеген адам қаза болады. Осы қайғылы жағдайға кінәлі ретінде Кек алушылар тобы жұмысын тоқтатады. Арада бес жыл өткенде, суперқаһармандарға тыйым салынып, әлемге қауіп төнеді. Дәл осы сәтте Камала Хан есімді жас батыр Marvel Кек алушыларын қайтадан құруға белін бекем буады. Оның мақсаты – жасырын AIM ұйымының шексіз билігіне тойтарыс беру.
"Marvel Avengers ойынының толық нұсқасы" арқылы сіздерді жаңа кейіпкерлер мен қызықты оқиғалар күтеді. Бұл сізге Кек алушылар әлемінде бұрын-соңды болмаған ғажайып ойын тәжірибесін сыйлайды! Енді осы тамаша ойынды қазақ тілінде де ойнауға болады. Қаһармандыққа толы сапарыңыз енді ғана басталмақ!