Monster Energy Supercross - The Official Videogame 5
Monster Energy Supercross - The Official Videogame 5
Monster Energy Supercross 5 ойынында рульді берік ұстап, адреналинге толы жарыстан ләззат алыңыз! Жаңа мансап режимінде бағыңызды сынап, Pro болыңыз да, жеңіске жетіңіз!
Ойын туралы
'Желден жүйрік' Supercross әлеміне қош келдіңіз! Әлемге әйгілі Monster Energy Supercross 5 додасында рульді берік ұстаңыз, адреналинге толы жарыстан керемет әсер алыңыз! Бұл ойын сізге суперкросста жеңіске жетуге көмектесетін сенімді серігіңіз болмақ. Жаңа мансап режимінде қос дөңгелекті тұлпарыңызбен жарысқа қатысып, біліктілігіңізді арттырыңыз және жеңіске жетіңіз. Әуелі Futures алаңында бағыңызды сынап көріңіз. 250SX класында жаңа қадам жасап, мүмкіндіктеріңізді кеңейтіңіз. Жеке командаңызды құрыңыз немесе демеушілермен келісімге келіп, бұрыннан қалыптасқан ұжымға қосылыңыз. Нағыз Pro болыңыз да, 450SX класында топ жарып жүргендермен иық тіресіп, жеңіс тұғырына көтеріліңіз!
Осы шыңдарды бағындыру үшін, жарыскеріңізді бес түрлі сындардан өткізіп, спорттық келбетіңізді шыңдай түсіңіз. Supercross 5 ойынында жаттығу, жарыс нәтижелері мен жарақаттарыңыздың барлығы сізге әсер етеді. Осының барлығын бақылауда ұстай аласыз ба? Ойын барысында жаңа Compound жаттығу алаңын зерттеп, дағдыларыңызды дамытыңыз! Достарыңызбен жарысып, кереметтей бес трассада күш сынасыңыз! Қиялыңызға қанат бітіріп, Track Editor-дың көмегімен ең үздік трассаларды жасаңыз!
Supercross 5 ойынында достарыңызбен бас қосып, көңіл көтеріңіз! Достарыңызбен онлайн жарысып, кімнің жүйрік екенін анықтаңыз. Көптен күткен Split Screen режимі де қолжетімді! Екінші жыл қатарынан E-sport Supercross чемпионаты өз жалғасын табуда. Сіз әлі де ойланып тұрсыз ба? Онда, осы қызықты бәсекеге қосылуға бел буыңыз!
Желдей есіп, қарсыластарыңызды артта қалдырып, жарыс әлемін терең сезінгіңіз келсе, Monster Energy Supercross 5 – сіздің таңдауыңыз! Monster Energy Supercross 5 PS5 және Xbox консольдеріндегі ойынның барлық мүмкіндіктерін пайдалана аласыз.
Қайдан сатып алу
| Баспагер | Milestone S.r.l. |