Myth of Empires

«Империялар Мифіне» қош келдің! 'MoE Қазақстан серверінде' империя құрып, қазақша кеңестермен ресурстарды игер. Қолбасшы бол, қару жаса, дипломатия жүргіз, гильдия шайқастарына қатыс!

Play

About the Game

'Империялар Мифінің' ғажайып әлеміне қадам басыңыз! Бұл - еркіндік пен шексіз арманның мекені. Көз алдыңызда сан алуан ландшафт жайылып, тіршілік атаулының қайнаған экожүйесі мен ауа райының құбылуы жүрекке шабыт ұялатады. Ежелгі бабалар жолымен жүріп, қиялыңыздағы қамалды 'Империялар Мифі' ойынында тұрғызу арқылы өз әлеміңізді жасаңыз! Сізді тосын сыйлар мен 1300-ден астам сан түрлі рецепт күтеді.

Өз империяңызды құруды көздедіңіз бе? Онда 'MoE Қазақстан серверінде' сізді қызықты оқиғалар мен жаңа мүмкіндіктер күтеді! Картаны зерттеп, жаңа жерлерді қосып, қажетті ресурстарды тауып, әскерді басқарып, өз империяңызды өркендетіңіз. 'MoE Қазақстан серверінде' қазақша кеңестерге сүйеніп, ресурстарды игерудің жолын тез үйренесіз. Қолға үйретілген аңдар соғыста да, кәсіпте де көмекке келіп, империяңыздың күшеюіне септігін тигізеді.

«Империялар Мифі» сізге не ұсынады:

  • Қолбасшылық өнеріңізді шыңдаңыз! 'Империялар Мифі' қару жасауды үйреніп, әскерге қажеттінің бәрін өзіңіз жасап шығара аласыз.
  • Дипломатиялық қабілетіңізді ашыңыз! Көптеген NPC-ларды жалдап, оларды империяңыздың игілігіне жұмсай аласыз.
  • Батырлығыңызды дәлелдеңіз! Гильдиялар арасындағы қызықты бәсекеде кім мықты екенін көрсетіңіз! MoE гильдия шайқастары енді қазақ тілінде! Ешқандай тілдік кедергісіз, барлығына бірдей мүмкіндік!

Ендеше, қолыңызға қару алып, әділдік үшін шайқасқан батыр бабаларымыздың жолын қуыңыз немесе еліміздің ертеңі үшін тер төккен диқандардың жолын таңдап, Angela Game әлемінде өз тарихыңызды жасаңыз! Таңдау – өзіңізде!