Nine Sols
Nine Sols
Жаңа Куньлунь – соларлардың соңғы панасы! «Тао жолымен бірігіп», Nine Sols әлеміне еніп, Тоғыз Жан туралы аңызды ашыңыз. 2D Sekiro стиліндегі төбелес, қызықты бастықтармен айқас күтеді.
Ойын туралы
Соларлардың соңғы панасы – Жаңа Куньлунь, ғасырлар бойы тыныштықты сақтаған қасиетті мекен. Ежелгі құдайлар адамзатқа мәңгілік қорғаныс сыйлап, ақиқаты беймәлім әлемді уәде еткен. Ел аузындағы Тоғыз Жан туралы аңыздың оянуы – күтпеген ғажайыпқа жол ашады!
«Тао жолымен бірігіңіз...» ұранымен жауынгерлік жолға түскен И, тоғыз күн билеушісіне қарсы кек алу үшін, Секиро стилінде шайқасып, қаһарлы жауларға қарсы тұрады. Ойыншылар шығыс мифологиясы мен киберпанк әлемінің ерекше үйлесімі – «Таопанкқа» еніп, жаңа қызықтарға тап болады. Енді Nine Sols әлемінің түпсіз құпияларына сүңгіп, ежелгі өркениет сырларын ашып, адамзаттың тағдырын анықтаңыз!
Сізді мыналар күтеді:
- 2D Sekiro стиліндегі төбелес: Дұшпандарға қарсы шабуыл жасап, тойтарыс беріп, Тао тұмарымен жарыңыз!
- Қызықты бастықтармен айқас: Ежелгі сақшылар мен қатыгез жаратылыстарға қарсы күреске дайын болыңыз!
- Қолдан салынған әлем және аниме стиліндегі көріністер: Nine Sols мұқияттылықпен жасалған әсерлі пейзаждарға, қолмен салынған анимацияларға және жапон мангасынан шабыт алған көріністерге толы. Nine Sols әлемі сізді өзіне баурап алады.
«Detention» және «Devotion» атты психологиялық қорқынышты ойындарды ұсынған Red Candle Games студиясының жаңа туындысы – Nine Sols! Студия өзінің бай тарихымен үйлесетін экшн-платформер жасауды мақсат етеді. Nine Sols-ты қазақ тілінде тамашалап, осы бір ғажайып әлемнің куәсі болыңыз!
Қайдан сатып алу
| Баспагер | RedCandleGames |