Northgard
Northgard
Нордгардта викинг кланын басқарып, жаңа жерді бағындырыңыз! Ресурстарды басқарып, жаулардан қорғаныңыз. Жеңіске жетудің әртүрлі жолын таңдап, серверде топқа шығыңыз!
Ойын туралы
Ғасырлар бойы тынымсыз ізденістерден кейін батыл Викингтер жаңа құпияларға, қауіп-қатерге және байлыққа толы жаңа жер тапты: NORTHGARD! Енді ең батыр Викингтер осы Нордгард жағалауларын зерттеп, жаулап алуға, өз кландарына даңқ әкелуге және жаулап алу, сауда немесе құдайларға адалдық арқылы тарих жазуға аттанды. Бұл жерде қаңғып жүрген қасқырлар мен өлі жауынгерлерден аман қалып, алыптармен дос болу немесе оларды жеңу және солтүстікте бұрын-соңды болмаған қатал қыстардан аман өту керек. Northgard ойынында сіз Викинг кланын басқарып, жаңадан табылған құрлықты бақылау үшін күресесіз.
Ойын барысында өз қонысыңызды құрып, викингтерді әр түрлі жұмыстарға (фермер, жауынгер, теңізші, шежіреші) бөлесіз. Мұқият ресурс басқару ойны арқылы қатал қыстардан бен қаскүнем жаулардан аман қалып, бірегей стратегиялық мүмкіндіктері бар жаңа аумақтарды зерттеп, кеңейтесіз. Жеңіске жетудің түрлі шарттарына қол жеткізіп, достарыңызға немесе әртүрлі қиындық деңгейі мен мінезі бар жасанды интеллектіге қарсы ойнай аласыз. Shiro Games компаниясының ойыны серверлерінде жоғары рейтингке жетіп, ең жоғарғы Norse God атағына ие болыңыз!
Ерекшеліктері:
- Жаңадан ашылған Нордгард әлемінде елді мекен құрыңыз.
- Викингтеріңізді әртүрлі жұмыстарға тағайындаңыз (шаруа, жауынгер, теңізші, данагөй және т.б.).
- Ресурстарыңызды мұқият басқарыңыз және қатал қыстар мен қатігез жаулардан аман қалыңыз.
- Бірегей стратегиялық мүмкіндіктері бар жаңа аумақтарды зерттеп, кеңейтіңіз.
- Жеңіске жетудің әртүрлі шарттарына қол жеткізіңіз (жаулап алу, даңқ, білім, сауда және т.б.).
Қайдан сатып алу
| Баспагер | Shiro Games |
| Әзірлеуші | Shiro Games |