Outlast 2

Шексіз үрейге толы Outlast 2 әлеміне ен! Әр қадам сайын жаңа сынақ, тылсым оқиғалар күтеді. Аризона шөліндегі азғындық пен қараңғылық сені есіңнен айырады! Қорқыныш патшалығына қош келдің!

Ойнау

Ойын туралы

Шексіз үрей мен қорқыныш әлеміне еніп, Temple Gate-тің түпсіз тұңғиығын зерттеуге дайынсың ба? Red Barrels студиясының хоррор-жанрындағы үздік туындысы Outlast II ойынында әрбір қадамың сайын жаңа сынақтарға толы, тылсым оқиғалар күтіп тұр. Бұл ойын сені шынайы қорқыныш әлеміне жетелейді!

Сен әйелі Линн екеуі ешкімнің батылы жетпейтін тарихтарды қазуға бел буған тергеуші журналист Блейк Лангерманның рөлінде ойнайсың. Жүкті әйелдің жұмбақ өлімін зерттей жүріп, Аризона шөлінің түкпіріндегі азғындық пен қараңғылықтың ортасына тап боласың. Бұл жерде есіңнен адасу – қалыпты жағдай!

Outlast II ойынының ерекшеліктері:

  • Шытырман оқиғаларға толы сюжеттік желісі.
  • Жасырын жолдар мен тылсымға толы әлемі.
  • Қорқыныш пен үрейге толы атмосферасы.

Егер шынайы қорқынышты бастан кешіргің келсе, «Ең қорқынышы ойындардың» қатарындағы Outlast II секілді ойынды сынап көргенің абзал. Ойынға шолу жасап, Outlast Two сені немен таң қалдыратынын біл!

Қайдан сатып алу

Баспагер Red Barrels Inc.