Outward Definitive Edition

Алыс сапарлар мен қауіпті жаратылыстарға толы Outward Definitive Edition ойынында өзіңді сынап көр! Досыңмен бірге Аурайдың тылсым әлемін зертте. Бұл шытырман оқиға сені күтіп тұр!

Ойнау

Ойын туралы

Алысқа сапар шегу оңай емес, әрқашан қиындықтар кездеседі. Киелі Аурай әлемінде түннің суығы мен жұқпалы жаралар жыртқыш аңнан да қауіпті болуы мүмкін. Бірақ Outward Definitive Edition шытырман оқиғасы сені күтіп тұр!

Аурайдың кең әлемін жалғыз өзің немесе досыңмен бірге зерттеуге болады. Бұл нұсқада барлық DLC және геймплейді жақсартатын жаңа функциялар бар. Сіз қарапайым саяхатшы ретінде қауіпті жаратылыстардан қорғанып қана қоймай, сонымен қатар қауіпті ауа райына төтеп беріп, жұқпалы аурулардан сақтануыңыз керек, әрі ұйқыңыз қанып, шөліңізді басуға мән бергеніңіз абзал. Жаңа қалаларға жету үшін қауіпті жерлерге саяхат жасаңыз, түрлі тапсырмаларды орындап, жауларға толы жасырын зындандарды табыңыз. Бұл ойынды қазақша нұсқада ойнау арқылы тілдік қиындықтарды ұмытып, сюжетке тереңірек енуге болады.

Тұрғындарға қатыгез әлемде аман қалуға көмектесіп, Аурайда өзіңіздің жеке жеріңізді салыңыз! Жаңа қала құру мүмкіндігі арқылы Сіз босқындар лагерін жаңа Сироккоға айналдыруға қатысасыз. Қару-жарақтарыңызды жаңартып, күшейтіңіз, себебі сізде қару-жарақ, әшекейлер мен сауыт-саймандарды жақсартуға мүмкіндік беретін сиқырлау жүйесі бар! Сіз 85-тен астам рецепттердің арасынан өзіңізге керекті сиқырды таба аласыз. Жергілікті жерде немесе онлайн режимінде досыңызбен бірге ойнап, сапарыңызды бөлісе аласыз. Nine Dots Studio студиясының ойындарының ішінде Outward ойыны ерекше орын алады, себебі ол шытырман оқиғалар мен қиындықтарға толы әлемге жетелейді.

Ерекшеліктері:

  • Жабайы табиғатта аман қалыңыз.
  • Жергілікті жерде немесе онлайн режимінде бірге ойнаңыз.
  • Сиқыр жасаудың қадамдық тәсілі.
  • Әрбір шешіміңіз маңызды, себебі ойын автоматты түрде сақталады.
  • Жеңілістің түрлі сценарийлері.
  • Әр ойын сайын қайталанбас тәжірибе.

Аурай әлемінде өзіңіздің шытырман оқиғаңызды бастауға дайынсыз ба?

Қайдан сатып алу

Баспагер Plaion