PC Building Simulator 2

«PC Building Simulator 2»: әр бөлшек маңызды! Компьютер құрастыру ойынының қызығы мен шыжығы мол. 1200-ден астам компонент таңдап, арманыңдағы геймерлік компыңды құрастыр!

Ойнау

Ойын туралы

«PC Building Simulator 2» әлеміне қош келдіңіз, мұнда әрбір бөлшек маңызды! Бұл ойында сіздің шеберлігіңіз бен шығармашылығыңыз компьютерлік құрылғылар әлемінде шексіз мүмкіндіктерге жол ашады. Ең алдымен, ойыншылардың көбісін қызықтыратын нәрсе, әрине, дербес компьютер құрастыру ойынының қызығы мен шыжығы мол екендігі. Сіздің қолыңызда компьютер жасауға арналған барлық керекті құралдар мен бөлшектер бар.

Ойын сізге мансап режимінде өз бизнесіңізді құруға, компьютерлерді жөндеуге және құрастыруға үйренуге мүмкіндік береді. Шеберханаңызды жаңартып, деңгейіңізді көтерген сайын жаңа құралдар мен жабдықтардың құлпын ашыңыз. Табысқа кенеліп, тұтынушыларыңыз үшін бар күшіңізді салыңыз, сонда жағымды пікірлер сізді күттірмейді.

Еркін құрастыру режимінде шығармашылығыңызды шыңдаңыз. Қуатты компьютерді жоспарлау және жүзеге асыру үшін 1200-ден астам компонентті таңдаңыз. Жаңартылған суды салқындату жүйесін орнатыңыз, CPU және GPU-ды шамадан тыс жүктеңіз және өнімділікті арттыру үшін RAM уақытын өзгертіңіз. Компьютерлік ойын симуляторында өзіңіздің шексіз мүмкіндіктеріңізді сынап көріңіз.

Түстердің үйлесімін таңдап, әрбір бөлшекке көңіл бөле отырып, өзіңіздің жеке стиліңізді жасаңыз. Жаңа қабырғалармен, едендермен, плакаттармен және жиһаздармен шеберханаңызды безендіріп, компьютер құрастыратын кеңістігіңізді өзіңізге ыңғайлы етіп жасаңыз. Сондай-ақ біз сізге «PC Building Simulator 2» ойыны арқылы өзіңіздің арманыңыздағы ойын компьютерін құрастыруға кеңес береміз. Өзіңіздің шеберлігіңізді көрсетіп, нағыз кәсіби маман екеніңізді дәлелдеңіз!

Қайдан сатып алу

Баспагер Epic Games Publishing