PEAK
PEAK
PEAK – әрбір қадамың қауіпті альпинизм ойыны! Жұмбақ аралдың шыңына шығу үшін достарыңмен бірік немесе жалғыз өзің шыңдалып, экшнге толы оқиғаға беріл!
Ойын туралы
PEAK – бұл әрбір абайсыз қадамың құрдымға итермелеуі мүмкін, тылсымға толы альпинизм ойыны. Жұмбақ аралдан аман қалудың бір ғана жолы бар – дәл жүрегіндегі шыңды бағындыру! Достарыңмен білекті біріктіріп тауға шабу жаса немесе тағдырдың қатал сынына жалғыз өзің төтеп бер.
Climbing Peak-те сені күн сайын жаңа сынақтар мен тосынсыйлар қарсы алады. PEAK шыңына жетудің бір сыры – достарыңның көмегі, ал қателік өлімге апаруы мүмкін. Есіңде болсын, жолда азық тауып жейсің, бірақ «абайлаған арзан, қателескен қымбат» демекші, әр азықтың өз сыры бар!
Осы ғажайып саяхаттың саған берері мол:
- Төрт түрлі аймақ арқылы сапар шегесің.
- Сан алуан құрал-саймандарды табасың.
- Тіпті елеспен де кездесуің ғажап емес!
Достарыңмен бірге шыңға өрмелеу әлдеқайда оңай, бірақ жалғыздық та сені жалықтырмайды. Батылдығыңды шыңдап, PEAK экшн-оқиғалы ойынында ұмытылмас әсерге бөлен!
Қайдан сатып алу
| Баспагер | Aggro Crab; Landfall |