Phoenix Point
Phoenix Point
«Феникс Нүктесінде» жер бетін жалмаған індеттен аман қал! Мутацияға ұшыраған келгіндік қауіпке қарсы тұр. Жаңа технологиямен жауды жайрат! Әрбір шешім – тағдыршешті.
Ойын туралы
Жер бетін жалмаған қатерлі індеттен аман қалу – «Феникс Нүктесінің» басты міндеті. Мутацияға ұшыраған келгіндік қауіп адамзаттың түбіне балта шабады. Ел үшін еңіреген ерлер мен еңселі ілім иелері ғана бұл шапқыншылыққа тойтарыс бере алады. Ендігі тағдырыңыз – сіздің қолыңызда. Жаңа технологияны игеріп, әлемді аралаңыз, базаңызды қатайтып, ресурсты үнемдеп, жауды жайратыңыз!
«Феникс Пойнт» ойынында әрбір шешім – тағдыршешті, әрбір ұрыс – сын сағаты. Жаудың әр қимылына қарсы тұрарлықтай қабілетіңіз болуы шарт. Ғаламдық ауқымда саясат пен экономиканы дамытыңыз. Ізденіп, жаңалық ашып, жеңіске жетіңіз! Адамзат үшін күрес – «Феникс» жауынгерлерінің қанымен жазылған анты. Жауынгер жалдап, оларды жаттықтырып, ең үздік қарумен жабдықтаңыз.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, әрбір фракциямен одақтасу – сіздің мықтылығыңыздың кепілі. «Жаңа Иерихон», «Синедрион» немесе «Анудың ізбасарлары» болсын, бәрімен келісімге келіңіз. Егер олардың көмегі тимесе, онда қажеттілігіңізді айламен тартып алыңыз немесе күшпен бағындырыңыз. Есіңізде болсын, сенімді қорған – жарты жеңіс. Сондықтан базаңызды нығайтып, жауға қарсы тұруға дайын болыңыз!
Қайдан сатып алу
| Баспагер | Snapshot Games |