Professional Fishing
Professional Fishing
Қармақты серме де, әлемнің түкпір-түкпіріндегі керемет балықшылар әлеміне саяхат жаса! «Кәсіби балық аулауда» сені қызықты жарыстар мен балық аулау онлайн әлемі күтеді!
Ойын туралы
Қармақты сермеп, әлемнің түкпір-түкпіріндегі керемет балықшылар әлеміне саяхат жасаңыз! «Кәсіби балық аулау» – сізді ешқашан жалықтырмайтын қармақпен сайыс! Нағыз балықшыдай сезініп, керемет балық аулау симуляторында шеберлігіңізді шыңдаңыз. Өз балық аулау клубыңызды құрып, достарыңызбен бірге қызықты жарыстарға қатысыңыз. Балық аулау онлайн режимінде достарыңызбен бірге уақытты көңілді өткізіп, балық аулау әлемінің қызығына батыңыз.
Бұл ойында көздің жауын алатын карталар мен балыққа бай орындар өте көп. Сүйікті жеріңізге тез жету үшін ATV-ге мініп, зулатыңыз! Көлдің ортасындағы ең сүйікті мекеніңізге қайықпен барыңыз. Ойын барысында түрлі балық түрлерін аулай аласыз, бірақ оларды жағаға шығару оңай шаруа емес!
«Нағыз балық аулау» мүмкіндігі арқылы балықтардың әрқайсысы әртүрлі әрекет ететін жасанды интеллект жүйесін сезінесіз. Ауа райын және тәулік уақытын қатаң ескеру қажет. Жаңбыр жаусын, тұман түссін, жел соқсын, күн ысысын – мұның бәрі «Кәсіби балық аулауда» бар. Тіпті түнде де балық аулауға болады!
Досыңның шаңын қағып кеткің келе ме? Балық аулау құралдарыңызды сайлап, оның рекордын жаңартыңыз! Үздік балық аулау ойындарының бірінен орын алуға тырысыңыз. Көп ойыншы режимінде турнирлерге, балық аулау клубтарының сайысына және жекпе-жектерге қатысыңыз. Өз балық аулау клубыңызды құрып, достарыңызды жинаңыз, басқа клубтарға қарсы сынға түсіңіз! Рейтингте көтеріліп, жүлделі орындарға ие болыңыз – ең үздік балықшы атаныңыз!
Қайдан сатып алу
| Баспагер | Ultimate Games S.A. |