Project Hospital
Project Hospital
Project Hospital ойынында өзіңді аурухана басшысы ретінде сынап көр! Емханаңды сал, науқастарды қабылда, зерттеулер жүргіз және дәрігерлерді басқар. Медициналық стратегияға дайын бол!
Ойын туралы
Өзіңді бір сәтте мықты дәрігер, зәулім ғимараттардың сәулетшісі әрі білгір менеджер ретінде сезініп көр! Жеке емханаңды сал, әр бөлшегін ойластыр немесе дайын нұсқалардың бірін таңдап, бірден науқастарды қабылдауға кіріс. Project Hospital ойынында сенің ауруханаң дерттілерге лық толы болады.
Сақтандыру компанияларымен келісімге отырып, түрлі ауруы бар емделушілерді қабылда. Зерттеулер жүргізіп, талдаулар жаса және түрлі құралдарды қолданып, диагноз қоюдың жолын тап. Науқастарды ауруханаға жатқызып, ота жаса, жанын сақта! Мұнда сен аурухананы толықтай басқарасың. Алдыңда үлкен медициналық стратегия жатыр.
Қалағаныңдай әрлеу үшін керекті заттарды, түрлі түстерді пайдалан немесе дайын үлгілерді қолданып, уақытты үнемде. Әр қызметкердің жақсы жұмыс істеп, өз ісіне риза болғанын қадағала: жұмысқа алудан бастап, мамандығын арттыруға дейін, дәрігерден еден жуушыға дейін бәрі маңызды. Дәрігерлерге көмектесіп, қиын жағдайларда қолдау көрсет немесе өзің қалаған науқастың халін сұра. Project Hospital-да сен нағыз аурухана империясын құра аласың.
Project Hospital ойынында бірнеше режим бар:
- Оқу бөлімі науқастарды емдеу және аурухананы қалай басқару керектігін үйретеді.
- Sandbox режимінде шағын емханадан бастап, үлкен ауруханаға дейін салуға болады. Басын өзің қала немесе дайын аурухананы алып, бірден басқаруға кіріс. Жедел жәрдем қызметін басқарып, төтенше жағдайлардың алдын ал.
- Кампания сені бірнеше аурухананы құтқаруға тырысатын менеджер етеді.
- 6 түрлі қиындық сенің біліміңді тексереді және әр бөлімнің қыр-сырын көрсетіп, мамандығыңды шыңдайды.
Қайдан сатып алу
| Баспагер | Oxymoron Games |