Saints Row: The Third Remastered
Saints Row: The Third Remastered
Saints Row: The Third Remastered-те Стилпортта шексіз ойын-сауық! Танкпен ұшып, лучадорлармен айқас! Достарыңмен бірге ойын ойнап, қаланы өзіңе бағындыр! Сенен бәрі қорқатын болады!
Ойын туралы
Saints Row: The Third Remastered ойынында күнә мен азғындық қаласы – Стилпорт көздің жауын алады! Бұл қалада Үшінші көше әулиелерінің мерейі үстем, енді оларды тізгіндеу – сіздің еншіңізде. Бұл сіздің қалаңыз, бұл сіздің ережелеріңіз!
Гангстерлік экшнге толы ойында сізді сан алуан оқиғалар күтеді: танкіңізбен аспанға зулап, мексикалық лучадорлар тобына қарсы шабуыл жасаңыз немесе жалдамалы әскерлерге қарсы жалғыз өзіңіз айқасыңыз. Saints Row 3 Remastered ойынында жауыңызды жай ғана жеңіп қоймай, толықтай талқандау керек! Сізді ұшатын реактивті шаналар, зымыранмен атылатын батырлар және басқа да сансыз қару-жарақтар күтіп тұр.
Кастомизация мүмкіндіктері арқылы ең ерекше образдарды жасаңыз: танымал жұлдыздардан бастап, құпия ниндзя-қарақшыларға дейін кез келген кейіпкерді сомдай аласыз. Достарыңызбен бірігіп ойнап, Стилпорттың қызығы мен шыжығына бірге батыңыз. Saints Row: The Third Remastered – бұл шексіз еркіндік пен жойқын күштің үйлесімі, қарсыластарыңыз сізден сескеніп тұратын болады!