Sandwich Simulator
Sandwich Simulator
Сэндвич әлеміне қош келдің! Sandwich Simulator-да достарыңмен бірге бутерброд жасап, мейрамханаңды басқар! Түрлі нан мен ингредиенттер арқылы шексіз дәм аш!
Ойын туралы
Дәмді әлемге саяхатқа дайынсың ба? Sandwich Simulator ойынында достарыңмен бірге шаруаны дөңгелетіп, бутерброд жасап, онлайн тапсырыстарды қабылдап, өз мейрамханаңның тізгінін ұста! Әрдайым таза дастархан, жайлы орын және разы клиенттер – сенің табысыңның кепілі!
Нағыз аспазшы болуды армандағансың ба? Достарыңмен бірге бутерброд әлеміне саяхаттап, білек сыбанып жұмысқа кіріс! Төрт досқа дейін бірігіп ойнап, таңғажайып әрі дәмді бутербродтар жасап шығар да, клиенттерге көзді ашып-жұмғанша қызмет көрсет.
Келушілер ағыны күн сайын артып, мейрамханаңдағы жұмыс қарбаласына толы болады!
Сэндвичтің шырайы – дәмділігінде. FiveEight Studios студиясының Sandwich Sim ойынында сен 4 түрлі нан мен 10-нан астам ингредиентті пайдалана отырып, өз қиялыңмен шексіз жаңа дәмдерді аша аласың! Ойында сені қызықты да күрделі сынақтар күтеді. Атағың асқақтаған сайын тапсырыс көбейіп, уақытты жоспарлау қиындай түседі. Ас үйдегі барлық құралды өз қалауың бойынша таңда да, орның жеткілікті болса, Drive-Thru қызметін қосып, мейрамханаңды клиенттерің үшін неғұрлым қолайлы ете түс! Достарыңмен бірлесе отырып, осы қарбаластың бәрін жеңіп, дәмді сэндвичтер жасау арқылы әрбір келушіңді бақытты етуге дайынсың ба?
Қайдан сатып алу
| Баспагер | FiftyEight Studios |