SBK22

Мотоциклге мініп, SBK22 додасында бағыңды сына! Жарысқа түсіп, дүбірлетіп жүргіз! Шынайы әлем сені күтіп тұр! Карьераңды бастап, үздік командаға қосыл!

Ойнау

Ойын туралы

Мотоцикліңізге мініп, 2022 жылғы ресми WorldSBK™ додасында бағыңызды сынап, дүбірлетіп жүргізуге қалай қарайсыз? Он жылдық үзілістен кейін SBK™ жарысы қайта оралып, бұрынғыдан да керемет ойынмен жанкүйерлерін тамсандырмақ! Сізді майталман жарысшылармен бірге жасалған шынайы, тартысты әлем күтіп тұр!

WorldSBK 2022™ чемпионатында күш сынасыңыз. Өзіңізге ұнаған 24 шабандоздың бірін таңдап, 12 кезеңде қарсыластарыңызды артта қалдырып, мәре сызығын бірінші болып кесіп өтіп, подіумның төріне көтеріліңіз. Демалыс күндері жарыста топ жарып, үздік атанғыңыз келсе, үш күндік жаттығуларға қатысып, Tissot Superpoles-те бағыңызды сынап, жарыстарда шеберлігіңізді шыңдай түсіңіз. Түрлі жағдайларға тез бейімделіп, әрқашан жеңіске ұмтылыңыз! Superbike әлемінде өз мансабыңызды бастаңыз: үздік командалардың қатарына қосылып, атыңызды әлемге танытыңыз, сонымен қатар жеңіске жету жолында жаныңыздан табылатын білікті мамандарды жалдаңыз.

Гаражға барып, мотоцикліңізді керемет етіп жасаңыз, бөлшектерін толықтай ауыстырып, жарысқа тыңғылықты дайындаңыз. Ойын барысында жанармай деңгейін бақылап отырыңыз, ең қиын сәттерде басымдыққа ие болу үшін шиналарды дұрыс таңдай біліңіз. Әрбір қабылданған шешімнің маңызы зор, себебі сіз A.N.N.A. жүйесі арқылы басқарылатын аса қауіпті қарсыластармен күреске түсесіз. Достарыңызды жаңа Multiplayer режимінде Superpole-ге немесе қарапайым жарыс сессиясына шақырыңыз. Мерзімді сынау режимінде ең үздік нәтижеге қол жеткізіп, көшбасшылар қатарынан орын алыңыз! SBK22 симуляциясында өзіңізді кәсіби жарысшы ретінде сезініңіз. Бұл ойын сізге ұмытылмас әсер сыйлайды!

Қайдан сатып алу

Баспагер Milestone S.r.l.