Shenmue III
Shenmue III
Көз алдыңа Қытайдың ғажайып әлемін елестетші! Action Adventure Shenmue III ойынында әкесінің кегін алуға ант берген жас жауынгердің тағдыры сені күтеді.
Ойын туралы
Көз алдыңа Қытайдың ғажайып табиғатын елестетші: жаныңды жадырататын жасыл алқаптар мен көңіліңді бір демде жайландыратын тып-тыныш ауылдар... Action Adventure Shenmue әлеміне саяхат жасау арқылы сен бір сәтте өзіңді ертегілер әлемінде жүргендей сезінесің. Бұл әлемде әкесінің кегін алуға ант берген Рё Хазуки есімді 18 жасар жас жауынгердің тағдыры Шенму 3 оқиғасының негізін қалайды.
Ойын барысында жаттығулардан бөлек, сан алуан ойындар ойнап, өз бағыңды да сынай аласың. Бірақ, ең бастысы – Феникс айнасының құпиясын тезірек ашу. Сапарда кездесетін Шенму 3 кейіпкерлері арқылы сен жақсылық пен жамандықтың ара-жігін ажырата білуге машықтанасың.
Бұл қызықты Open World Shenmue әлемінде сен мынадай ерекшеліктерді өз көзіңмен көре аласың:
- Шайқастардың шынайы көріністері;
- Бір-бірімен тығыз байланысты әрекеттесетін ғажайып әлем;
- Сюжеттік желінің тереңдігі.
Шенму 3 туралы көбірек білгің келсе, ойынға шолу жасаған мақалаларды оқып, өзіңе керекті ақпаратты тап!
Қайдан сатып алу
| Баспагер | Plaion |