Soulmask

"Жанды Бетпердеде" сізді тылсым маска күтеді. Өмір үшін күресіп, өз жолыңызды жасаңыз! Жауынгерлерді жалдап, әлем құпиясын ашыңыз. Soulmask-те шексіз оқиғалар бар!

Ойнау

Ойын туралы

Қауіпті құрбандық шалу рәсімінен құтылып, сіз көне, тылсым бетперде табасыз. Бұл бетперде сіз білетін әлемді өзгертетін терең білімді сақтайды. Табиғаттың қатал сындарына төтеп беріңіз, тіршілік үшін күресіңіз, ізбасарларды жинап, өз тайпаңызды құрыңыз. Жұмбақ масканың артындағы ақиқатты зерттеп, анықтаңыз. Soulmask әлемінде сізді шынайы аман қалу тәжірибесі күтеді.

«Жанды бетперде» ойынында сіз жұмбақ маскамен марапатталған «соңғы біреу» ретінде өміріңіз үшін күресесіз. Тылсым нанымдарға толы қарабайыр жерде өзіңіздің өрлеу жолыңызды жасаңыз. Ештеңеден бастамай, зерттеңіз, құрылыс салыңыз, өз кланыңызды нығайту үшін тайпаластарды жалдаңыз және әлем өркениеттерінің артында жасырылған жұмбақ шындықты ашыңыз. Ойын барысында сіз басқа кейіпкердің талантын иемдене аласыз. Олардың денелерін басып алып, кез келген адамға айнала аласыз!

Сіздің басқаруыңызда әртүрлі мінез-құлықтары мен қабілеттері бар көптеген тайпа ойыншылары болады. Сіз қанішер жауынгерлерді, епті аңшыларды және тапқыр шеберлерді жалдай аласыз. Қуатты жасанды интеллект және басқару мүмкіндігі клан мүшелерінің жұмыс ағынын жоғары дәрежеде еркіндікпен орнатуға және басқаруға мүмкіндік береді: егін егу, өнім жинау, конвейерлік өндіріс, базалық патруль, автоматты жөндеу және тіпті техникалық қызмет көрсету – мұның бәрін сіз автоматтандырып, реттей аласыз.

Ойын сізге қазіргі уақытта 8 түрлі қару мен 75 түрлі қолдаушы жауынгерлік дағдыларды ұсынады, олардың әрқайсысы нақты физикалық сипаттамалардың тәжірибесін қатаң түрде қалпына келтіреді. Soulmask ойынының қазақша нұсқасында қарсыластарыңызды жеңу үшін жекпе-жек стиліңізді өзгертіңіз. Әлемді аралап, көне қирандыларды зерттеңіз. Өз ойыныңызды жасаңыз! Soulmask – бұл сіздің шексіз шытырман оқиғаңыз.

Қайдан сатып алу

Баспагер Qooland Games