Star Conflict

Star Conflict әлемінде ғарыш кемеңізді жаңартып, жауларды талқандаңыз! Достармен бірге түрлі режимде ойнап, ғарыштық шайқастарға қатысыңыз.

Ойнау

Ойын туралы

Үш мың жыл бұрын Жерден алғашқы қоныстанушылар кетіп, галактика соғысқұмар жұлдызды империялар мен тәуелсіз жалдамалы топтар арасында бөлінді. Өлі аймақ атанған галактиканың шалғай бұрышында, 1337 секторында, бұрынғы өркениеттің жұрнақтары жатыр. Ғажайып зауыттар мен қалалардың орны енді тозып барады. Бір кездері қанды шайқастар болған далада корабльдердің сынықтары шашылып жатыр. Бірақ тірі жан жоқ – бәрін де жұлдызды қақтығыс аймағындағы тіршілікті жойған жұмбақ апат жоқ қылды.

Алайда, бұл ғаламның жаңа иесі – адамзатты тоқтата алмайды. Жалдамалы сарбаздар мен авантюристер олжа табу үшін секторға ағылып келеді. Оларға ешқандай қауіп қатер әсер етпейді. Көптеген қарулы экспедиция мүшелері жоғалып кетті, бірақ аман қалғандары бұрын-соңды болмаған байлық тапты. Сондықтан да іздеушілер жоғалған қазынаны іздеп, олар үшін күресуге дайын. SC ойынында сіз ғарыш кемесінің ұшқышы бола отырып, кеңістіктегі шайқастарға қатысасыз. Достарыңызбен бірге ойнап, ғарыштық шутердің қызығына батыңыз.

Gaijin Entertainment компаниясының Star Conflict ойыны сізге көптеген мүмкіндіктер ұсынады:

  • Элиталық кемелермен жабдықталып, жауларды талқандаңыз.
  • Түрлі ойын режимдерінде күш сынасыңыз.
  • Көптеген жаңа достар табыңыз.

Ойынға тіркеліп, ғарыштық оқиғаларға толы әлемге саяхат жасаңыз!

Қайдан сатып алу

Баспагер Gaijin Entertainment