SteamWorld Build

SteamWorld Build әлемінде қала салу арқылы әр тұрғынның қажеттілігін қамтамасыз етіңіз. Кеніштерді қорғап, ресурстарды басқара отырып, стратегиялық шешімдер қабылдаңыз!

Ойнау

Ойын туралы

Ғаламшар құрып бара жатқан шақта, жаңа шекараны игеруге кірісіңіз! Терең қазып, кең құрылыс жүргізіп, жоғалған ғарыштық технологияны іздеңіз, сонымен қатар барлығын қажетті сумен, отынмен және жайлылықпен қамтамасыз етіңіз. Соңғы шекараға жетуге сіздің күшіңіз жете ме?

«SteamWorld Build» ойынында Батыс стиліндегі қалаларды салу арқылы әр тұрғынның қажеттілігін қамтамасыз етіп, кеніштерді қорғап, ресурстарды басқара отырып, SteamWorld Build әлемінің құпияларын ашыңыз. Қаланың дамуы сіздің стратегиялық шешімдеріңізге тікелей байланысты. «Жеті рет өлшеп, бір рет кес» принципімен әрекет етіп, қалаңызды өркендетуге жол ашыңыз!

Ойынның ерекшеліктері:

  • Ескі Батыстан шабыт алған, қарбалас SteamWorld қаласын салыңыз;
  • Steamботтарыңыздың көңілін көтеріп, олардың күрделі қажеттіліктерін қамтамасыз етіңіз;
  • Eжелгі технологияларды іздеуге көмектесетін ресурстарды өндіру үшін терең қазып, кең таратыңыз;
  • Кенішіңізді қаланың астында жасырынып жатқан сұмдықтардан қорғаңыз;
  • Жергілікті пойыз станциясында ресурстарды сатыңыз және көмек қолын созатын арнайы келушілерді қарсы алыңыз.

«SteamWorld Build» стратегиясын меңгеріп, қалаңызды өркендетіңіз! Бұл ойын сізге керемет экономикалық симуляция тәжірибесін ұсынады. «Тауың шағылғанша, бағың ашылмайды» демекші, қиындықтарға мойымай, жеңіске жетіңіз!

Қайдан сатып алу

Баспагер Thunderful Publishing