Steel Division 2
Steel Division 2
Шығыс майданы, Кеңес әскерлерінің қаһармандығы мен қасіреті «Болат Дивизиясы 2» ойынында! T-34 танктері, Катюшалар және 600-ден астам әскери техника сенің қолыңда!
Ойын туралы
«Болат Дивизиясы 2»: Шығыс майданының тынысы мен қасіреті! Беларусь даласы – қайтпас қаһарман Кеңес сарбаздарының жаны мен қаны сіңген, оқ пен жалын шарпыған жер. Сен – Т-34 танктерімен жаудың шебін бұзған, әр сарбазының өмірі сенің қолыңда тұрған қолбасшысың! Әрбір бұйрығың – майданның жаңа тарихы, әр қадамың – жеңіске қарай бастайтын жол!
«Steel Division Two» ойынында стратегиялық шеберлігіңді шыңдап, нағыз жауынгерлік рухтың не екенін сезін! 150х100 км аумақта әскеріңді басқар, әр бөлімшенің оқ-дәрісі мен жанармайы сай болуын қадағала. Қолыңда 600-ден астам әскери техника, Т-34 танктерінен бастап аты аңызға айналған «Катюшаға» дейін — бәрі де сенің әміріңді күтеді. Әр шайқасқа сай өз жасағыңды құр, жауды аяусыз жапыр!
Егер сен Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Шығыс майданының қаһары мен қайғысын көзбен көргің келсе, Кеңес әскерлері қандай тактика қолданғанын біліп, сол дәуірдің рухын сезінгің келсе, дәл қазір «Болат Дивизиясы 2» ойынына қосыл да, тарихты өзің жаз!
Қайдан сатып алу
| Баспагер | Eugen Systems |