STORY OF SEASONS: Pioneers of Olive Town
STORY OF SEASONS: Pioneers of Olive Town
«Story of Seasons: Olive Town пионерлері» әлемінде атаңыздың арманын жалғастырыңыз! Шаруашылықты өркендетіп, қаламен танысып, достар табыңыз. Нағыз мал шаруашылығы ойыны!
Ойын туралы
'STORY OF SEASONS: Pioneers of Olive Town' әлеміне қош келдіңіз! Атаңыздың арманы болған, достарымен бірге іргесін қалаған Олив Таун – жаңа өміріңіздің бастауы. Енді, сол атаңыздың фермасы сізге мұраға қалды, ендеше, оның ісін жалғастырып, өркендету – сіздің қолыңызда! Tyлпapдай жайнаған шаруашылықты көркейте отырып, қала тұрғындарымен танысып, жаңа достар табуға не кедергі? Бұл – нағыз мал шаруашылығы ойынының қызығы!
'STORY OF SEASONS: Olive Town' ойынында қолыңызбен жер өңдеп, ескі құрылыстарды жаңартыңыз, тіпті жаңаларын да тұрғыза аласыз. 'STORY OF SEASONS' әлемінің шаруашылықтағы шексіз мүмкіндіктері сізді ауыл шаруашылығы симуляторының қызығына батырады. Қаланың ажарын ашып, инфрақұрылымын жақсарту үшін керекті заттарды жинап, құрал-саймандарыңызды жаңартыңыз. Шаруаға қажетті киімдер мен әшекейлерге де тапсырыс беруге болады.
Фермерлік дағдыңызды шыңдай отырып, әртүрлі әшекей бұйымдар мен құрылғылар жасаңыз. Осылайша, Олив Таунның пионері атанып, жаңа қызықтарға толы әлемге қадам басыңыз. Ғажайып әлемге саяхат жасап, маусымдар ауыспайтын бақтарды, аспандағы аралды және жанартаудың ортасын көруге мүмкіндік аласыз. Жергілікті мерекелерге қатысып, қаланың қалай жанданып, гүлденгенін тамашалаңыз! 200-ден астам қайталанбас оқиғаларға толы көршілеріңізбен танысып, жақын дос болыңыз, бәлкім, махаббатты да жолықтырарсыз.
Жаңа 'Story of Seasons' ойынында өз қолыңызбен фермаңызды құрыңыз, қалаңызды көркейтіңіз!
Қайдан сатып алу
| Баспагер | XSEED JKS, Inc. |