SunnySide
SunnySide
Жапон ауылының қақ ортасындағы Күншуаққа қош келдіңіз! SunnySide-та қала тұрғындарымен танысып, олардың өмірін жақсартуға көмектесіңіз. Ферма шаруашылығының қыр-сырын меңгеріңіз!
Ойын туралы
Жапон ауылының қақ ортасындағы Күншуақ жаққа қош келдіңіз! Мұнда сені ұмытылмас фермалық шытырман оқиғалар күтіп тұр. Ескі қалашықтағы алғашқы жер телімі сіздікі, енді оны мақтанышпен көрсете алатын үйге айналдыру сіздің қолыңызда. SunnySide ойынында басты мақсат – қала тұрғындарымен танысып, олардың өмірін жақсартуға көмектесу.
Сіз ферма шаруашылығының қыр-сырын меңгеріп, жергілікті ресурстарды зерттейсіз, армандаған үйіңізді тұрғызасыз, жануарларыңызға қамқорлық жасайсыз және жергілікті тұрғындармен тіл табысасыз. Заманауи технологияларды қолдана отырып, бос уақытыңызды SunnySide симуляторында өткізіп, қаланың тыныс-тіршілігіне араласыңыз. Мұнда сіз жаңа адамдармен танысып, олардың өмірі туралы біле аласыз, жергілікті бизнесті қолдайсыз, қалада қыдырып, тіпті махаббат таба аласыз.
SunnySide инди ойынында өзіңізді еркін сезіне аласыз. Өйткені, ойын барысында өзіңізді көрсетуге толық мүмкіндік бар. Сіз басты кейіпкерді жасап, өз жеріңізде қалаған нәрсені тұрғызып, телефоныңыз бен дроныңызды өз қалауыңыз бойынша жабдықтай аласыз. Ыңғайлы қарқынмен жүріп, өз жолыңызды таңдаңыз.
Күншуақ жақтың ерекшеліктері:
- Сізді классикалық фермалық ойынның заманауи нұсқасы күтеді.
- SunnySide қауымдастығына қосылып, тұрғындарымен қарым-қатынас орнатыңыз.
- Басты кейіпкерді және үйіңізді қалауыңыз бойынша өзгертіңіз.
- Уақытыңызды қызығушылықтарыңызға арнап, өзіңізді шынайы сезініңіз.
- Үңгірлерді зерттеп, ерекше шайқастарға қатысыңыз.
Есте сақтаңыз, SunnySide – су құйғыштары, тауар контейнерлері, сыйлықтарға негізделген әлеуметтік байланыстар, майонез жасайтын машиналар және шексіз серуендер жоқ фермалық ойын.
Қайдан сатып алу
| Баспагер | Merge Games |