Tom Clancy’s The Division 2

The Division 2 ойынында індеттен кейінгі Вашингтонда тәртіп орнатып, қаланы құлдыраудан арашалап қалыңыз. Достарыңызбен бірігіп күрделі тапсырмаларды орындаңыз!

Ойнау

Ойын туралы

Tom Clancy’s The Division 2 ойынында әлем тағдыры сынға түскен шақта, ойыншыларға індеттен кейінгі Вашингтонда тәртіп орнату міндеті жүктеледі. Сіз элиталық агенттер тобын бастап, қаланы құлдыраудан арашалап қалуға тиіссіз. The Division 2 ойынын қазақша ойнап, ашық әлемді зерттеу, кейіпкеріңізді шыңдау арқылы экшнге толы RPG әлеміне сүңгіңіз. Достарыңызбен бірігіп күрделі тапсырмаларды орындаңыз немесе PvP режимінде қарсыластарыңызға тойтарыс беріңіз. Ubisoft ойындарының арасында The Division 2 сізді ұзақ уақыт бойы баурап алатыны сөзсіз.

Дивизион 2 ойынында сізді не күтеді? Біріншіден, құлдыраудың аз-ақ алдында тұрған елді ашық әлемде құтқару. Екіншіден, достарыңызбен бірге команда құрып, онлайн режимінде күш сынасу. Үшіншіден, ең қиын миссияларды бірге орындау үшін бірегей мамандықты таңдау.

Егер сізді шытырман оқиғалар мен динамикалық геймплей қызықтырса, Tom Clancy’s The Division 2 ойыны сіз үшін таптырмас таңдау боларына сенімдімін.

Қайдан сатып алу

Баспагер Ubisoft

Ойын ерекшеліктері

HDR Қолжетімді
DualShock4 Қолжетімді
DualSense Қолжетімді